#Мереке

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай Ұлттық ұланның 6506 әскери бөліміне қарасты 70 жастан асқан ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Біздің алдымызда үлкен белестерді бағындырып, болашағымызды баянды ету жолында қарияларымыз еңбек етіп, тер төкті. Бүгінде сол адамдарды құрметтеу, оларға көңіл бөлу — барлық жас ұрпақтың міндеті мен парызы.

Іс-шара барысында әрбір ардагерге домбырамен ән шырқалып, әскери бөлім командирі Бауыржан Қабылбековтің атынан марапаттар мен бөлімнің Әйелдер кеңесі атынан азық-түлік пакеттері табысталды.

Айта кетерлігі, бүгінгі іс-шара барысында бөлімнің 14-ке жуық ардагері ерекше құрметке ие болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close