КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫН ДАМЫТУ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Түркістандағы «Түркістан халықаралық әуежайы» Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 1-ші санатына сәйкес келеді. Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске қосылған еді. Аталған жобаны іске асырудағы мақсат – өңірлерді жан-жақты дамытып, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру. Тиісінше, жобаның негізгі бағыттарының қатарына – көліктік лоистиканың ахуалын көтере отырып, халыққа қолайлы жағдай туындату шаралары да енгізілген. Осы орайда бүгінде Түркістан облысында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Түркістандағы «Түркістан халықаралық әуежайы» Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 1-ші санатына сәйкес келеді. Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске қосылған еді. Аталған жобаны іске асырудағы мақсат – өңірлерді жан-жақты дамытып, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру. Тиісінше, жобаның негізгі бағыттарының қатарына – көліктік лоистиканың ахуалын көтере отырып, халыққа қолайлы жағдай туындату шаралары да енгізілген. Осы орайда бүгінде Түркістан облысында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Тиісінше, бұл саланы одан әрі дамытып, тиімділікті арттыруға, логистика саласындағы түрлі проблемаларды реттеуге осындай келелі басқосулардың ықпалы мол болатынын айтты. Себебі, бүгінде Түркістан өңірінен бірнеше ірі жол желілері өтеді. Олардың қатарына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолынжәне Шығыс пен Батысты жалғайтын теміржолды қосуға болады. Одан бөлек, бірер жыл бұрын әлемдік стандарттарға сай, бір мезетте екі халықаралық және төрт елішілік рейстерде қабылдауға қабілетті әуежай да салынған. Бұл нысанның жалпы аумағы 9 жүз гектардан асатын болса, жылына үш миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.
Сәйкесінше қазір бұл әуежайдан Ыстамбұл, Эль-Кувейт, Алматы, Астана, Ақтау, Қарағанды, Орал қалаларына ұшақтар қатынап, «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Fly Arystan», «Scat» сынды беделді әуе компаниялары қызмет көрсетіп келе жатыр. Оған қоса, келер жылы Әбу Дабиге қатынайтын рейс ашылмақ. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі әуе компанияларымен тауар тасымалын дамыту бағыты бойынша да келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Өзбекстан республикасымен байланыстыратын автобус желісі де іске асырылатын көрінеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану екенін атап өтті.
«Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалануымыз керек» дей отырып Мемлекет басшысы бұл бағытта атқарылатын бірнеше шаруаның ұшын шығарды. «Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс», – деді Президент.
Сонымен бірге Президент келешекте Еуразия құрлығында көлік-логистика өрісі бойынша ірі мемлекетке айналу қажет екенін айтты.
«Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды», деген Президент Көлік министрлігінің аясын кеңейтіп, қайта құрып, жол инфрақұрылымын салу жұмысы осы ведомствоның еншісіне берілетінін айтты.
Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік береді. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Қазір бәсеке күшейіп тұр. Осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек.
Бүгінгі таңда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдің жалпы ішкі өнімнің 30%-дан астамын (көлік, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі) дамытуға жауапты. Сондықтан, жауапкершіліктің кең ауқымы Министрлікке тек бір салаға назар аударуға мүмкіндік бермей, көп жағдайда көлікке қатысты мәселелер шешілмей қалып немесе ұзақ уақытқа кейінге қалдырылып келді.
Осыған орай, Мемлекет басшысы мемлекетімізде көлік-логистика саласын дамыту өте маңызы зор стратегиялық міндет болып табылатынын атап, көлік министрлігін қайта құруды тапсырды.
Президент ең алдымен, «Достық-Мойынты», «Бақты-Аякөз», «Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.
Былтыр қазан айының соңында Түркістан облысында 4 мың тонна көкөніс сақтайтын заманауи қойманың құрылысы басталды. Түркістан қаласына кіреберіс тұстағы өндіріс аймағында көкөніс сақтайтын заманауи қойманың капсуласы салынды. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысқан болатын. Жобаның бастамашысы әрі жүзеге асырушы – «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Жобаның серіктесі – «М-Адал» ЖШС. 1 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі – 3264 шаршы метр. Құрылысы қолға алынған қойма 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ел игілігіне тапсырылады. Сауран ауданы аумағындағы бұл қоймада жылына 4 мың тонна көкөніс сақталады. 35 адам жұмыспен қамтылады. Қоймада ірі 9 камера бар. Оның 4 камерасының әрбіріне 500 тоннадан жалпы 2 мың тонна картоп сақталса, екі камерасына 500 тоннадан, жалпы 1000 тонна пияз сақталмақ. Сонымен бірге 250 тонна сәбіз, қырыққабат сақтайтын камералары да іске қосылады деп жоспарланған. Ал 500 тонна көкөніс құрғақ қоймада орналастырылады.
Бұл орайда, Түркістан қаласының облыстық маңызы бар қала және түркі әлемінің астанасы мәртебесіне ие болуына байланысты халықаралық әуежай салу қажеттілігі туындады. 2020 жылы заманауи халықаралық әуежай салынып, пайдалануға берілді. Бұл – Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда нөлден салынған алғашқы ірі әуежай. Әуежай бір уақытта 2 халықаралық немесе 4 ішкі рейсті қабылдай алады.
Түркістан облысы аумағында маңызды көлік маршруттары өтеді. Атап айтсақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізі, шығысты батыспен біріктіретін теміржол, «Түркістан халықаралық әуежайы» арқылы халықаралық және ішкі рейстер орындалады.
Түркістандағы «Түркістан халықаралық әуежайы» Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 1-ші санатына сәйкес келеді. Әуежайдың жалпы ауданы – 905 га, әуе айлағының өткізу қабілеті сағатына – 450 жолаушы немесе жылына – 3 млн. жолаушы. Қазіргі уақытта «Түркістан халықаралық әуежайы» 2 халықаралық (Ыстамбұл, Эль-Кувейт) және 7 республикаішілік рейстерге (Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Қостанай) қызмет көрсетеді. Аталған рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Fly Arystan», «Scat», «Qazaq Air» және «Южное небо» авиакомпаниялары орындайды. 2024 жылдың қаңтарында «Түркістан – Абу-Даби» әуе рейсінің ашылуы өтті. Сондай-ақ отандық және шетелдік авиакомпаниялармен 3 халықаралық (Анталья, Тбилиси, Самарқанд) және 2 республикаішілік (Көкшетау, Үшарал) авиарейстер ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Түркістан әуежайының жүк тасымалдау динамикасын арттыру мақсатында отандық «Alpha Sky», түріктің «MNG», «Turkish Cargo», әзірбайжандық «Silkway Airlines-Cargo» авиакомпанияларымен жүк тасымалдарын дамыту бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Былтыр қараша айының соңында Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа теміржол құрылысы басталды. Онда қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы жаңа өткізу пункті ашылады. Дарбаза – Мақтаарал желісі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынып жатыр. Жаңа магистраль республиканың көліктік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға серпін береді.
“Темір жол – мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік саласын дамытатын болат артерия. Өткен жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылында 245 млрд тонна-километрден астам жүк тасымалданған болатын. Биыл да жоғары қарқын сақталып тұр”, – деп атап өтті Әлихан Смайылов жобаны іске қосу салтанатында.
2023 жылдың басынан бастап желтоқсан айына дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасында 25,8 млн тонна жүк тасымалданды. Тауарлар жалғыз “Сарыағаш” мемлекетаралық станциясы арқылы экспортталады. Жаңа жол өткізу пунктіндегі жүктемені азайту үшін салынып жатыр.
“Сарыағаш – Ташкент учаскесіндегі қауырт жағдай қалпына келеді. Мұнда соңғы жылдары жүк көп болды. Сондай-ақ жүк уақтылы жіберілмеді, өйткені бұл жер мұндай жүк ағынына арналмаған. Соңғы екі-үш жылда жүк ағыны күрт өсті. Құрылыстың нәтижесінде осы негізгі учаскенің жүктемесі азайып, жолаушылар пойызы еркін қозғалады”, – деп түсіндірді “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов.
Сонымен қатар жоба оңтүстік бағытта экспорттық тасымалдарды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы желі арқылы Ауғанстанға, Иранға, Тәжікстанға және Өзбекстанға тауар жылдам жеткізіледі.
Дарбаза – Мақтаарал желісі Түркістан облысының дамуына ықпал етеді. Жол екі шалғай ауданды – Мақтаарал және Жетісай аудандарын Қазақстанның қалған бөлігімен байланыстыратындықтан, өңір республиканың негізгі теміржол желісіне қосылады.
Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте “Сырдария” станциясына шығатын Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы – Руддаут – Мақтаарал желісі салынады. Содан кейін Жетісай – Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы тармақтары пайдалануға беріледі.
Барлығы 152 км теміржол төселеді. Жоба аясында 3 400 адам екі қолға бір күрек табады. Негізі жұмыстың 85%-і Қазақстанның үлесіне тиесілі.
“Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Қазақстанға көптеген тауар әкелінеді, сол сияқты біз де оларға экспорттаймыз. Қазақстаннан Өзбекстанға транзит өте жоғары және бұл сауданың өсуін күшейтеді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын ұлғайтады”, – деді сарапшы.
Оның айтуынша, барлық тарап үлкен көлемде сауда жасау үшін жаңа экспорттық жолдар салуға мүдделі.
Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі көлік-логистикалық әлеует есебінен артып келеді, дейді сарапшы. Сондықтан Қазақстанның негізгі міндеті – елдер арасындағы сауда мен логистиканы жақсарту.