Қоғам

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН

stat.gov.kz статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар-шілдеде Түркістан қаласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 648130,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 6,6% көп.

Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 шілдеге облыс халқының саны 2150,8 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 533,3 мың адам (24,8%), ауылдықтар – 1617,5 мың адам (75,2%). Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-маусымда 21506 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 22031 адам). 2024 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 26499 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 1,6% кеміді), қайтыс болғандар саны 4993 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 1,8% көбейді). Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және — 12882 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-маусымда -7698 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 276 адам оң көші-қон айырмасы (178 адам), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – 13158 (-7876 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы ІI тоқсанда жұмыссыздар саны 40,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады. 2024 жылғы 1 тамызға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 41216 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,8% болып қалыптасты. 2024 жылғы IІ тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 324470 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы ІI тоқсанға 8,5% құрады. 2024 жылғы IІ тоқсанда нақты жалақы индексі 101,7% болып қалыптасты. 2024 жылғы I тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 109628 теңгені құрады. 2023 жылғы I тоқсанға қарағанда 18,4% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 8,8%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 648130,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 6,6% көп. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 11,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 14,2% өсті, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 10,5% кеміді. 2024 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 303419,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 106,3% құрады. 2024 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 13728,1 млн. ткм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 94,8% құрады. Жолаушы айналымы 793,3 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 84,9% құрады. Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 198507,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 119% құрады. 2024 жылғы қаңтар-шілдеде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 12,2% өсіп, 460,9 мың шаршы метрді құрады, олардан жеке тұрғын үйлер – 18,6% (389 мың шаршы метр), ал көппәтерлі тұрғын үйлер 7,3% кеміді (77,8 мың шаршы метр). Бұдан бөлек, жалпы алаңы 3,1 мың шаршы метр жатақхана пайдалануға берілді. 2024 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 499329,6 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 128,9% құрады. Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 18412 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 4,7% өсті, оның ішінде 250 адамнан жоғары қызметкерлері барлар 109 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 16673 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 16028 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14605 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,1% өсті.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 927563,6 млн. теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 34,7%, қызметтер көрсету – 58,7% құрады. Тұтыну баға индексі 2024 жылдың шілдесінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% төмендеді, ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің – 4,9% өсті. 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың шілдесінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,4% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 168097,6 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% артық. 2024 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 80380,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,8% құрады. Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-маусымда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 546,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 67,5% көбейді, оның ішінде экспорт – 459,1 млн. АҚШ долларын (72,5% көбейді), импорт – 87,4 млн. АҚШ долларын құрады (45,7% көбейді).

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close