Қоғам

ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ КӨБЕЙГЕН

Бүгінде зорлық-зомбылық дегенге етіміз үйренген. Естігенде басымызды бір шайқаймыз да, күл талқан болған бір тағдырды сол жерде қалдырамыз да, кетеміз. Сенесіз бе? Сіз осы мақаланы оқып біткенше, бір адам жарық әлеммен қош айтысады. Әлемдік зерттеулерге сүйенсек, әр 7 минут сайын бір адам зорлық-зомбылықтың кесірінен қайтыс болады екен. Ал зардап шегіп, қиналып жатқандар қаншама?! «Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін-бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжымақ орнайтын шақ бола ма, жоқ па?» деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі еріксіз ойыңа оралады.

Мемлекет тарапынан шаралар мен заңдар күшейсе де, халық бұл мәселеге жіті назар аударса да, елімізде белең алып кеткен мәселенің бірі болып отыр. Сараптама деректері бойынша қалалық және ауылдық жерлердегі зорлық-зомбылықтың айырмашылығы бар. Жалпы зорлық-зомбылықтың себебі – адам психикасының бұзылуынан болса, ауылдық жерде осы салада маман табу қиынға соғадыСол себепті де, зорлық-зомбылық ауылдық жерлерде көп кездеседі. Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың басындағы деректері бойынша зорлық-зомбылықтың көбеуінің негізгі себептері: алкогольге немесе есірткіге тәуелділік, психологиялық аурулар, шамадан тыс агрессия; өмір сүру деңгейінің төмендігі, тұрақты табыстың болмауы, білімнің төмендігі; балалық шақта көрген зорлық-зомбылық кесірінен және гендерлік теңсіздік.

Сауалнаманың нәтижесі бойынша респонденттердің 55,9% негізгі себепті  «жұмыссыздық» деп, ал 52,8% «жаман әдеттер: маскүнемдік, нашақорлық, құмар ойын» деп таныды.

Бір қызығы, Қазақстан – ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру түріндегі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазбаша ескерту түріндегі жаза қолданатын посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ел. Одан қалса қоғамдық жұмыстарға тарту және қамауға алудан әрі аспайды. Мысалы, АҚШ-тың Миннесота штатында кез-келген тұрмыстық зорлық-зомбылық, тіпті жай ғана ұру да – ауыр қылмыс саналады. Бірінші рет 90 күн қамау, екінші рет 1 жыл қамау, ал үшінші рет 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бекітілген.  Көптеген елдермен салыстырсақ, Қазақстандағы жазалау деңгейі – ең әлсізі болып отыр. Құқық бұзғаны үшін ауыр жаза болмайтынына көзі жеткендер, қылмысын ары қарай да жалғастыра береді. Заң әлсіз болса, қылмыстың  күшейе берері анық.

Қазақстанда өкінішке қарай тұрмыстық зорлық-зомбылық жағынан көрсеткіш статистикалық мәліметтерді қарасаң жағаңды ұстатады. Мәселен, биыл ғана полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мыңнан астам сигнал келіп түскен. Алайда олардың 60 пайызы бойынша полиция тиісті шара қолдана алмапты. Өйткені, тәртіп сақшылары оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан.

Қоғамның осынау өзекті мәселесін реттеу үшін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі заңды күшейтіп, тұрмыстық жанжалға кінәлі адамдарды жазалаудың тың тетігін ұсынып отыр. Ол қандай жаза болады? Жалпы мемлекет қоғамның осынау өзекті проблемасын қалай реттемек? Полиция «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды Жалпы бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық – елдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені, отбасы тыныштығы – ол қоғамның тұрақтылығы. Сондықтан, бұл мәселені Мемлекет басшысы ерекше назарына алып, жауапты министрліктерге бұған дейін бірқатар тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, Қазақстанда әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларға қарсы ауыр қылмыстарға жаза 2019 жылы қатайған. Сонымен бірге полицияның осы мәселемен айналысатын бөлімшелері 2020 жылы нығайтылды. Ал 2021 жылы жәбірленушімен жұмыс тәсілдері қайта қаралды. Осындай кешенді жұмыстардың нәтижесінде, бұл мәселеге қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Ішкі істер министрлігі Марат Ахметжановтың айтуына қарағанда, зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілер туралы белсенді хабарлай бастаған. «Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам сигнал келіп түсті. Олардың көпшілігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орын алған. Бірақ олардың 60% бойынша полиция тиісті шара қолдана алмаған. Өйткені, полиция оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан (62 296 жағдайда). Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтінішсіз полицейлер «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Осының салдарынан жазасыздық – өз бетімен кетуге (жүгенсіздікке, бассыздыққа) жол береді. Қол жұмсау – әдетке айналады. Түбінде, ауыр зардаптарға апарады. Осы жылдың өзінде отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалған», – дейді Марат Ахметжанов. Әйтсе де, тәртіп сақшылары қолынан келгенше шараларды қабылдайды екен. Нақтырақ айтқанда, жыл басынан бері «дебоширлерге» қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде сот шешімі бойынша 10 мыңнан астам адам қамауға алынып, 8,5 мың адамға ескерту берілген. 675 адамға айыппұл салынған. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 67 мың қорғау нұсқамасы шығарылған. Елде дағдарыс орталықтар тым аз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жауапты министрліктер жәбірленушімен жұмысты Қазақстанда өкінішке қарай тұрмыстық зорлық-зомбылық жағынан көрсеткіш статистикалық мәліметтерді қарасаң жағаңды ұстатады. Мәселен, биыл ғана полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мыңнан астам сигнал келіп түскен. Алайда олардың 60 пайызы бойынша полиция тиісті шара қолдана алмапты. Өйткені, тәртіп сақшылары оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан. ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарап жатыр. Мәселен, әйел-тергеушілердің мамандығы енгізілген. Яғни, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторларға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Ішкі резерв есебінен олардың санын ІІМ екі есе, 119-дан 248-ге дейін көбейткен. Қазіргі уақытта мұндай лауазымдар әрбір аудандық полиция бөлімшесінде бар. Жалпы, бұл бағытта Қазақстанда 50 үкіметтік емес ұйым бар екен. Одан бөлек зардап шеккендерді әлеуметтік оңалтуға 57 дағдарыс орталығы көмек көрсетеді. Биыл полиция өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді осы орталықтарға жіберген. Олардың 2 мыңнан астамы баспанаға орналасқан. Дегенмен, елде орталықтардың саны әлі жеткіліксіз болып отыр. Мысалы, Шымкентте полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 11 мың хабарлама келіп түскен. Ал, ол жерде тек бір ғана дағдарыс орталығы бар. Абай және Қызылорда облыстарында ондай орталық мүлде жоқ. Міне, сол себепті әкімдіктер өңірлерде орталықтардың жұмысын ұйымдастыруды және осы бағытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұлғайту мәселесін қолға алу керек. «Жалпы, енді бұл проблеманы тек күштеу, мәжбүрлеу шарасымен шешу мүмкін емес. Полицияның қылмыстық немесе әкімшілік шаралары – тек салдармен күрес екенін атап өту керек. Бұл жағдайдың түпкі тамыры – әлеуметтік проблемалар. Атап айтқанда, әлеуметтік тұрақсыздық, маскүнемдік, нашақорлық, психикалық ауру, құмар ойындармен әуестену, моральдық-адамгершілік құндылықтың әлсіреуі. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар, барлық қоғам болып бірігіп, атсалысуы керек. Бұл бағытта, тек зорлық-зомбылық құрбандарымен ғана емес, құқық бұзушылармен де қайта оңалту жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған байланысты, денсаулық сақтау министрлігі психо-түзету курстарын қолданудың алгоритімін әзірлеп, тиісті мамандар дайындау жұмыстарын ұйымдастырса дейміз», – дейді Ішкі істер министрі. Үйде жанжал шығарғандар көше сыпырады Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстың көбі мас күйде жасалады екен. Қазақстанда бірақ «мас дебоширлерді» оқшаулау мәселесі әлі шешілмеген. Еліміз бойынша 778 орынға арналған 35 уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді. Бұл өте аз. Мысалы, Өскеменде 20 төсек-орынға арналған бір ғана мекеме жұмыс істейді. Ал полицейлер жеткізген 7 мың құқық бұзушының, 5 мыңы ғана орналастырылған. Сол сияқты Павлодарда 24 төсек-орны бар бір ғана мекеме бар. Көкшетауда мүлде жоқ. Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша жазаны қатаңдатуды сұрап отыр. Яғни қайталанған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік қамауға алудың мерзімін 20-дан 25 тәулікке дейін ұзарту керек дейді министрлік. Конституцияның жаңа өзгерістеріне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды сот қаулысымен де тағайындауға рұқсат етілген. «Осының аясында «ескерту» си[1]яқты жазаны «қоғамдық жұмыстарға» ауыстыруды ұсынамыз. Бұл құқықбұзушы үшін заңды бұзбауға жеткілікті мотивация болады деп санаймыз. Қазіргі уақытта Әділет министрлігі қоғамдық жұмыстарды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтап жатыр. Әкімдер өз кезегінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін анықтап, жұмыс орындарын дайындау қажет. Тиісті бақылауды Ішкі істер министрлігі жүргізеді», — дейді Марат Ахметжанов. Еңбек министрі не дейді? Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталған проблемаларды шешу зорлық зомбылық зардабына түсу ықтималы жоғары отбасылармен немесе азаматтармен алдын ала жұмыс істеу механизмін енгізуді талап етеді деп есептейді. Сондықтан ол министр орталықтағы уәкілетті органдарға және әкімдерге отбасының Цифрлық картасын пайдалана отырып, тәуекел ықтималы жоғары мақсатты топты анықтауды, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысын жетілдіріп, бұл жұмысты алып баратын негізгі институт ретінде жергілікті жерлерде ашылған «Бақытты отбасы» мекемесін анықтау керектігін ескерткеді. Сондай-ақ Тамара Дүйсенова мақсатты топқа кіретін азаматтарға жергілікті әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде қосымша әлеуметтік қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға және оңалтуға жәрдемдесу шараларын қарастыру қажет дейді. Жеке сектор субъектілерін тарта отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік бейімдеу орталықтарының желісін кеңейту мәселесін пысықтауды сұрайды. Тамара Дүйсенова бүгін де республика көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 41 дағдарыс орталығы көрсететінін айтады. Оның 14-і мемлекеттік, 27-сі мемлекеттік емес мекемелер. Олар негізінен еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейді. «Жаңадан құрылған Алматы және Абай облыстарында әзірше мұндай орталықтар жоқ, сондықтан бұл өңірлерде оларды құру жұмыстарын алып бару қажет. Өңірлік құрылымға қарасақ, көмек сұрағандардың ең көп саны Павлодар облысында – 636 адам, Жетісуда – 470 адам, Шымкент қаласында – 358 адам, Алматы қаласында – 343 адам. Жоғары деңгей Астана қаласында (290 адам), Қызылорда (271 адам), Ақтөбе (265 адам) және Жамбыл (238 адам) облыстарында да байқалады», — дейді Тамара Дүйсенова. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жалпы осы саладағы тәуекелдер мынадай 3 негіздік себептердің бар екендігін айқындап отырғанын ескертеді:

  1. Мұндай топтармен посфактум жұмыс істеу тәсілінде болып тұр;
  2. Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарын қоспағанда, өңірлерде дағдарыс орталықтарының желісі дамымағандығында. Мәселен, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша тұрақты үштіктегі жетекші өңір Шығыс Қазақстан облысында бір ғана орталық жұмыс істейді. Ол Өскемен қаласында орналасқан тек 12 төсек-орынға арналған орталық бар;
  3. Аталған орталықтардың қашықтығында, бұл сәйкесінше зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігінің оларға деген қолжетімсіздігіне алып келіп отыр.

Ғаламдық ауқымда бұл мәселеге қоғамдық және ғылыми қызығушылық тек 1970 жылы пайда болды. Неліктен зорлық-зомбылық ұзақ уақыт бойы зерттеуден және саяси назардан тыс қалды? «Екі жастың ортасына есі кеткен түседі» демекші, зорлық-зомбылықтың өршуіне әрекетсіздік себеп болып тұр және қоғамда қалыптасқан нормалар да қаншама адамды құрдымға жіберді. Мысалы, Қазақстан әйелдері 15%-і күйеуінің өзіне қол көтеруге хақы бар деп ойлайды. Тіпті ІІМ мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан. Өйткені қазақ қыз-келіншектерінде «ұят болады», «басқалар білмесін» деген ұяңды та кедергі болып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыпта Қазақстан халқына Жолдауында: «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі қолдану, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданы­латын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет» деген болатын. Бұл Жолдаудан кейін, парламентте біршама депутаттар мәселені ортаға салып, талқылады. Бірақ 2 жыл өтті, әлі де дұрыс шешім мен заң шығарған жоқ.

Жыл сайын 1 миллиардтан астам бала (әлемдегі барлық балалардың жартысы) зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Зорлық-зомбылық балалардың психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер ететіні анық. Ақыр аяғында өз-өзіне қол салумен де аяқталып жатады. Мына деректер сізді ойландыруы қажет:

  • Бүкіл әлемде кез-келген уақытта 750 000 адам жыныстық мақсатта онлайн режимінде балалармен байланыс орнатуға тырысады;
  • Қазіргі уақытта балалар адам саудасының объектісінің 30 %-ын құрайды;
  • Мүгедек балалар басқа балаларға қарағанда 4 есе көп зорлық-зомбылыққа ұшырайды;
  • 11-15 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 3,1-, айына 1 рет құрдастарының қорлауына ұшырайды;
  • Бүкіл әлемде 2-4 жас аралығындағы 300 миллионға жуық бала тәрбиешілері тарапынан жәбір көреді;
  • 5 жасқа дейінгі әрбір төртінші бала жақын серіктесінің зорлық-зомбылық құрбаны болған анасымен тұрады;
  • 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы физикалық зорлық-зомбылықтың 20%-ын құрайды, ал жасөспірімдер арасындағы жыныстық зорлық-зомбылықтың таралуы 9% құрайды.

«Ұрлық, қарлық, зұлымдық, зорлық, қиянат сияқты қылмыстар өше берудің орнына өсе берсе, сол қылмыстардың бәрі де басқарушылардың өз бастарында болғаны!»  деген Ғабит Мүсіреповтың сөзінің де жаны бар. Зорлық-зомбылық тек  тұрмыстық жағдайда емес, қоғам ішінде де көп екені қынжылтады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close