Қоғам

ТҮРКІСТАН: Т. ДҮЙСЕНОВА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ҚАЛАДАҒЫ ӨНДІРІС ОРНЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркістанға жұмыс сапары барысында «Turkestan Textile» БК» ЖШС тігін фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті.

Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтып берді.

Сөз басында Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастықтан 1000-нан астам ұсыныс түскенін, 50-ден астам заңдар мен 200 заңға тәуелді актілер зерделенгенін атап өтті. Әлеуметтік кодекстің қабылдануына орай 80-нен астам заңға өзгерістер енгізіледі және бұрынғы 10 заң күшін жояды.

«Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдаудан қазақстандық отбасыларды нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылатын болады», – деді Еңбекминінің басшысы.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Әлеуметтік кодекс жобасын іске асыру аясында:

— Отбасының цифрлық картасы арқылы проактивті форматта белгіленген әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы отбасылардың әлеуметтік тәуекелдерінің алдын алу жүйесін қалыптастыру;

— жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту мен реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші-қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансап орталықтарына айналдыруды және көрсетілетін қызметтерді ауқымды цифрландыруды көздейтін жұмыспен қамту саласында жаңа саясат жүргізу;

— бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту, мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру есебінен азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру;

— мемлекеттік жәрдемақы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді төлеу мерзімін бір жарым жасқа дейін ұзарту, наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарына аударымдар жасау жолымен балалары бар отбасыларды қолдау шараларын күшейту;

— мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері, ауқымды цифрландыру және адами факторды төмендету арқылы мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту есебінен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту (Әлеуметтік қызметтер порталы, медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу) қарастырылғанын атап өтті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ҰЛЫТАУДА ӨТКЕН «ДОСТЫҚ КУБОГЫНДА» ТОП ЖАРДЫ

Республика күніне орай, Ұлытау жерінде өткен өнерлі жастардың сайысында Түркістан облысының Ассамблея жастары топ жарды. 14-16 қазан аралығында Жезқазған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы өтті. Бірлікке үндеген бұл шараға «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің жастары да қатысты.

ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты Қазақстанда тұратын этностарды «бірлігіміз әралуандықта» қағидасы бойынша біртұтас ұлтқа біріктіру. Сондай-ақ жастардың тарихқа қызығушылығын арттырып, көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Осы бағыт бойынша Әулиетау тауының етегінде бір шаңырақ астында уық біріктіріліп, киіз үй тігілді.

Жобаға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Г. Құсманғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В. Нәбиев, ҚР Сенаты аппараты басшысының орынбасары М. Споткай, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры М. Жұманбай, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т. Джумурбаев, астаналық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш.Пулатов, «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік штабтарының, республикалық жастар ұйымдарының, аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер т.б белсенді жастар қатысты.

Осы іс-шарада «Жайдарман» ойыны бойынша ұйымдастырылған «Достық» кубогында Түркістан облысының жастар құрамасы жүлделі III орынға ие болып, сыйлықпен марапатталды. Республикалық өнер додасына түрлі этнос өкілдерінен құралған командалар қатысты. Сайыста топ жарған облыстағы Ассамблеясы жастарының жеңісімен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев құттықтап, тілектестігін білдірді. Жүлделі үшінші орын иеленген жастар өздерінің өнеріне қолдау жасап, Ұлытау облысына барып қайтуға қамтамасыз еткен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесі ұжымына зор алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, үш күндік іс-шара барысында әр өңірден жиылған жастар тарихи орындарға саяхат жасады. Бұдан бөлек шеберлік сабақтары мен тренингтер, мотивациялық кездесулер де өтті. Жастар көшпелі экскурсияда көңілге түйгендерін ортаға салып, пікір алмасты.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close