Қоғам

ЖИІ НАУҚАСТАНАТЫН ЕР МЕ, ӘЙЕЛ МЕ?

Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (42,8 %) ерлер мен әйелдер тең шамада жиі ауыратынын айтады. Сөйте тұра 27,8 % ерлерге қарағанда әйелдердің жиірек ауыратынын айтса, 12,8 % әйелдерге қарағанда ерлердің ауруға бейімдірек келетінін айтты.

Жауаптарды респонденттердің тұрғылықты өңіріне қарай саралау барысында қарағандылықтардың 67,5%, павлодарлықтардың 48,5 %, оралдықтардың 46,2 % ерлер мен әйелдер тең дәрежеде жиі ауырады деп санайтындарын білдік. Ерлер жиірек ауырады деп ойлайтындардың көбі – Павлодар (20,6 %) және Алматы (20,6 %) қалаларының тұрғындары. Әйелдердің 46,1 %, ерлердің 37,4 % екеуі бірдей дәрежеде ауырады деген пікірді қолдайды. Әйелдер өздерінің ерлерге қарағанда көбірек науқастанатындықтарына (32,2 %), ал ерлер әйелдерге    қарағанда       көбірек науқастанатындықтарына (13,6 %) сенімді. Сонымен қатар ерлер қауымының айтарлықтай бөлігінің бұл мәселе туралы ойланып көрмегенін айта кету керек (28,7 %). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар респонденттер (42,2 %) мен орта және арнайы орта білімі бар респонденттер (43,9 %) ерлер мен әйелдер тең шамада біркелкі сырқаттанады деген пікірлерін білдірді. Жоғары білімі бар ерлер қауымы да ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек сырқаттанады деген пікірде (14,2 %). 17,7 % орта және арнайы орта білімі бар, 15,9 % жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар респонденттер бұл мәселе туралы ойланбағандықтан сұраққа қалай жауап беруді білмеді. Жауаптарды тұрғылықты жерлеріне қарай саралау қалалықтардың да (40,6 %), ауылдықтардың да (50,6 %) ер мен әйелдің бірдей деңгейде сырқаттанатындығына сенімді екенін көрсетті. Ауылдық әйелдер де, қалалық әйелдер де өздерінің ерлер қауымына қарағанда жиі ауыратынын (35,2 % / 25,3 % 7,2% / 14,4 %-ға қарсы) тілге тиек етеді. Бұл мәселе туралы ойланбағандардың көпшілігі – қалада тұратындар (19,7 %).

Әйелдердің науқасқа шалдығуы сиреу үшін қандай шаралар қолданар едіңіз?

Әйелдердің неғұрлым сирек ауруы үшін қандай шаралар қолдануға болатындығы туралы сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 64,1 % ешқандай түсініктеме бере алмады. 16,2 % әйелдердің салауатты өмір салтын ұстануы қажет екендігін айтса, 12,8 % тегін медициналық тексеру мен жылына бір рет міндетті профилактикалық тексеру шараларын енгізуді ұсынды. 4,4 % әйелдердің сирек ауруына Еңбек кодексінің ережелерін сақтау оң әсерін тигізеді деген пікірде. Ал 2% ішімдік пен темекі өнімдерін сатуға тыйым салынса, әйелдердің сырқатқа ұшырау деңгейі төмендер еді деп біледі.

Аталмыш сұраққа берілген жауаптарды респонденттердің тұрғылықты өңіріне қарай саралау олардың көпшілігі әйелдердің аз сырқаттануы үшін қандай шаралар ұсынуға болатынын білмейтінін көрсетті. Сауалнама нәтижелерін респонденттердің жынысына қарай саралап қарастыру ерлердің 72,4 %, әйелдердің 59,1 % бұл сұрақтың жауабы туралы ойланбағанын көрсетті. Сауалнама нәтижелері барлық жастағы респонденттердің 60 % үшін бұл сұраққа жауап беру қиынға соққанын көрсетті. Ал 40 % салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, «жағымсыз» әдеттерден арылу, шипажайларда емделу, тегін медициналық қызмет секілді шараларды ұйымдастыру әйелдердің денсаулығын сақтауға және жақсартуға оң ықпалын тигізеді деп санайды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (61,7 %) және орта және арнайы орта білімі бар респонденттер (67,9 %) аталмыш сауалға түсініктеме бермеді. Этникалық тұрғыдан алғанда қазақтардың 66 %, өзге ұлт өкілдерінің 67,3 %, орыстардың 56,9 % бұл сұраққа жауап бермеген. Жауаптарды респонденттердің тұрғылықты жері бойынша саралау ауылдықтардың 68,4 %, қалалықтардың 62,8 % бұл сұраққа жауап бере алмағандығын көрсетті.

Ерлердің науқасқа шалдығуы сиреу үшін қандай шаралар қолданар едіңіз?

Ерлердің неғұрлым сирек ауруы үшін қандай шаралар қолдануға болатындығы туралы сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 65,8 % жауап бере алмады. 14,5 % ерлердің салауатты өмір салтын ұстануы қажет екендігін айтса, 11 % тегін медициналық тексеру мен жыл сайынғы міндетті профилактикалық тексеру шараларын енгізуді ұсынды. 2,4 % ерлердің сирек ауруына еңбек заңдылықтарының ережелерін сақтау оң әсерін тигізеді деген пікірде. Сауалнамаға қатысқандардың пікірлерін аймақтар деңгейінде саралау Семей (82 %), Шымкент (82 %), Қарағанды (63 %), Павлодар (61,8 %), Астана (60,9 %), Алматы (54,5 %) және Орал (53,3 %) қалаларынан қатысқан респонденттердің басым көпшілігі ешқандай ұсыныс жасай алмағанын көрсетті. Сауалнама нәтижелерін респонденттердің жынысына қарай саралап қарастыру ерлердің 74,1 %, әйелдердің 60,9 % қойылған сауалға ешқандай түсініктеме бермегенін көрсетті. Пікірлерді жас мөлшері бойынша саралау барлық жастағы респонденттердің 63 % үшін бұл сұраққа жауап беру оңайға соқпағанын білдіреді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар (63,9%) және орта және арнайы орта білімі бар респонденттер (68,8 %) аталмыш сауалға түсініктеме бермеді. Қазақ ұлты өкілдерінің басым көпшілігі (68 %), өзге ұлт өкілдерінің 67,3%, орыс ұлты өкілдерінің 58,4 % бұл сұраққа ешқандай түсініктеме бермеген. Ауылдықтарға (8%) қарағанда қалалықтар (12,6 %) ер адамдар арасындағы сырқатқа ұшырау қаупін азайтуға жыл сайынғы тегін кәсіби медициналық тексерулер мүмкіншілік береді дегенге көбірек сенеді. Ал салауатты өмір салтын ұстанудың ерлер денсаулығын сақтауға көмектесетіндігіне ауылдық тұрғындар көбірек сенеді (15,7 %). Сауалнамаға қатысқандардың пікірлері арасындағы айырмашылықтың аздығы сондай, бұдан қазақстандықтар денсаулық мәселесін талқыламайды әрі оған қатты көңіл бөлмейді деген болжам жасауға болады. Гендерлік теңдік стратегиясында ерлер мен әйелдердің денсаулығына репродуктивтік тұрғыдан назар аударылғанын айта кету қажет. Бұл жайт бізге қазақстандық ерлер мен әйелдерге қатысты мемлекеттің мүддесі оларға өзінің азаматтарын тудырушы ретінде қарайтын есепшіл сипатта деген болжам жасауға ерік береді. Ал денсаулық проблемасы тек репродукцияға ғана емес, сонымен қатар кәсіби ауруларға шалдығуға, өмір сүру уақытының мөлшеріне, өмір сүру сапасына және т.б. да қатысты.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close