Қоғам

ТҮРКІСТАН ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

Бүгін ақпараттық коммуникациялық орталықта қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков пен "Жылу" МКК директоры Ерғазы Рысбеков БАҚ өкілдерімен кездесіп, жылу маусымы бойынша қалыптасқан жағдайды баяндады.

Түркістан қаласы бойынша  І- мөлтекауданда 58, ІІ- мөлтекауданда 15, ТГЖД аумағында 2, «Отырар» мөлтекауданында 38, Әкімшілік-іскерлік орталығында 42, жалпы көпқабатты 155 тұрғын үй (7798 пәтер) орталық жылу қуатымен қамтамасыз етілген.  Сондай-ақ, І-мөлтекауданда 28 бюджеттік пен 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлерде және Мәдени-рухани орталығында 11 нысан орталық жылу қуаты арқылы жылытылады. Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік коммуникациясы толық іске қосылғанша арнайы 2 мобильді жұмыс штабы құрылды. Мобилды топта барлық мекеме (электр энергия, ауыз су мен канализация, газ жүйесі, жылу энергиясын жеткізуші, құрылыс жұмысын жүргізуші мердігер, құрылыс бөлімі, сектор) мамандары бар. Брифинг барысында өзекті мәселелер де сөз болды. Туындаған түйткілдер және оның шешілу жолдары кеңінен талқыланды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close