#Құрылыс

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – басты мақсат!

Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта қаланың солтүстік, солтүстік – батыс және батыс бөлігінде орналасқан шағын аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету және су сапасын көтеру мақсатында ұзындығы 31 шақырымды құрайтын 3 магистралды суаққының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында қала әкімі М.Әйтенов тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде бүгін Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс нысанын аралады.

 «Тұран ш/а, Алматы тас жолынан бастап Асар ықшам ауданына дейін магистралды су тартқыш салу» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Магистралды суаққының жалпы ұзындығы 13,7 шақырымды құрайды. Құрылыс монтаждау жұмыстары биылғы жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Асар-2» ықшам ауданынан бастап Төлеметов көшесі мен Алматы трассасының қиылысына дейін магистралды су құбыры желілерін салу» нысанының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Жалпы ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын суаққының да құрылыс монтаждау жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталып, қараша айында пайдалануға берілетін болады.

3 магистралды суаққының құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға беру нәтижесінде Ынтымақ-2 және қаланың Солтүстік, Солтүстік – Батыс және Батыс бөлігіне орналасқан шағын аудандар толыққанды, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтар болсақ, олар — Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ елдімекендері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close