Қылмыс/Оқиға

Біреудің атынан несие алып, белгісіз бағытқа аударып жіберген

2021 жылдың 14-қазанында Абай АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға өзінің атынан ашылған банк есеп шотынан 500.000 теңге несие алып, белгісіз бағытқа аударып алғанын көрсеткен.
Абай АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде,Шымкент қаласының полиция қызметкерлері танымайтын бөгде азаматтарға ақша бермеуге шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close