Саясат

АБАЙ АУДАНДЫҚ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Абай аудандық кірістер басқармасы басшысының м.у.а Бақдәулет Өтембаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Осы жылдың І жартыжылдық қорытындысымен Абай аудандық кірістер басқармасының мемлекеттік бюджет жоспары 108 пайызға орындалды. Есепті мерзімде бюджетке 1 747,3 млн теңге артық қамтамасыз етілді. Ал мемлекеттік бюджет бойынша түсімдердің өсу қарқыны 127%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 036,6 млн теңгеге артты, – деді Бақдәулет Серікұлы.

Спикердің сөзінше, салықты әкімшіліктендіру жұмыстары нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша анықталған кіріс көздері есебінен 2232,3 млн теңге өндірілген. Ал өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 258 пайызды құраған. Яғни, 1367,9 млн теңгеге артық қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, осы жылдың 6 айында басқармамен 14 мемлекеттік қызмет бойынша барлығы 90 487 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде: электронды түрде 89 386 (98,8%), қағаз тасығышта (барлық көрсетілген қызмет санының 1,2%) 1 101 қызмет.

Еске салсақ, салық төлеуші мен мемлекеттік қызметкердің тікелей байланысын болдырмау мақсатында бірқатар қызметті қабылдауды және нәтижесін беру қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына берілген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close