Саясат

АҚТАС-2 ЕЛДІМЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Абай ауданына қарасты Ақтас-2 елдімекені тұрғындары бүгінге дейін ауыз суды тасымалдап тұтынып келген болатын. Бұл мәселені шешу үшін ағымдағы жылы су құбырларын орнату үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толығымен аяқталды. Бұл туралы қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады.

Жалпы ұзындығы 50,9 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры орнатылып, Ақтас-2 елдімекеніндегі 200 отбасы сапалы ауыз сумен қамтылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде қала тұрғындарының 95,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 14 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ауыз суды тасымалдап тұтынатын 7 елді мекен (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас) және кестемен берілетін 2 елді мекенде (Жаңаталап, Сәуле) ауыз су мәселесі рет-ретімен шешілуде. Жыл соңына дейін қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98 пайызға өседі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close