Саясат

ШӨКЕЕВТЕН ҚАЛҒАН ЖЕМҚОРЛАР, САТЫБАЛДЫҒА КЕРЕК ЕМЕС!

Пара алудан да, беруден де алдымызға жан салмайтын өңірміз… Әсіресе әкімдікте ақша алмайтын адам жоқтың қасы. Бұл ащы болса да, ақиқат!

Республикалық сайттардың бірінен мақала оқыдым. Жемқорлық жайлы. Автор нақты дәлелдерді тізбектей келе, параны ең көп алатын аймақтардың рейтингін жасапты.

Масқара!!! Түркістан облысы топ жарып тұр.

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/korruptsiya-v-akimatah-sostavlen-reyting-po-regionam-476799/

Кеткен адамның артынан жаман сөз жазғым келмейді. Бірақ амал нешік. Өмекеңнің жемқор кадрлары қалам түртуге мәжбүрлеп тұр.

Облыста жемқорлық туралы сөз қозғалса Сәкен Қалқаманов қиялға келеді. О, бұл кісінің рұқсатынсыз шыбын ұшпайтын…

Қазынаның қаражаттарын қалай болса, солай кетті ауаға ұшырып. Тендерге бөлінген теңгелер де осы кісінің нұсқауымен бөлінетіні құпия емес. “Жемқор” деп ел сыртынан айтып жүр. Тек тексеріп, нүктесін қоятын құзырлы орын жоқ.

Дархан Амангелдіұлы ең бірінші осы орынбасарынан құтылмаса, өңірдегі жемқорлық жең ұшына жалғаса бермек.

Облыс әкімінің кадрлық саясатына арласпаймын әрине. Бірақ Өмекең барда ойына келгенін істеген аудан әкімдері жетеді бізде. Жоғарыдан тексеріс келгенде қозғалып, қалған уақытта қазынаға қол салатын әкім қаралардан Дархан Сатыбалды тез арада арылар деп сенеміз.

Айтпақшы, облысқа қарасты басқармалардың да былықтары жетеді.

Өмірзақ Шөкеев жемқор кадрының кесірінен қызметінен кетті. Бұл қателікті Дархан Сатыбалды қайталамайды деп кәміл сенеміз.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close