Білім

«ӘДЕПТІЛІК- ТӘРБИЕ БАСТАУЫ»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебінде Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Ордабасы ауданы «Әкелер мектебінің» бірлескен семинарда оқушыларды әдептілік, адамгершілік, отбасынан бастау алып, мектеп қабырғасынан кеңірек жан-жақты тәрбиелеу мақсатында «Әдептілік – тәрбие бастауы» тақырыбында қашықтықтан аудандық әдістемелік семинары өз дәрежесінде өтті.

Бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Раушан 4 А сынып оқушыларымен «Әкешім бәйтерегім» тақырыбында өткен топтық сабағы, Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ахмедова Айнұр 5 А сынып оқушыларымен «Әке – тірегің, бала – жүрегің» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, Педагог-психолог Сәді Гүлнұр 9 сынып оқушыларымен «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел /тренинг/, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сейдазова Наргиза 7 сынып оқушыларымен «Әкеге құрмет, балаға міндет» тақырыбында ашық сабақтар оқушыларды ерекше әсерге бөледі. Семинардың қорытындысы бойынша кері байланыс орнатылып, мұғалімдер мен оқушылардың әдеби-сазды кешімен қорытыланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close