Спорт/Шоу-Биз

Садио Мане туған ауылына аурухана салғызуда

Ливерпульдың сенегалдік жұлдыз футболшысы Садио Мане өзі туған ауылға Covid-19 науқастары емделетін үлкен аурухана салғызуда.

Атақты футболшы Садио Маненің өкілі Беземер Сенегал баспасөзіне берген мәлідемесінде аурухананың елдің Казаманстың ортасында орналасқан Маненің туған ауылы Бамбалиде салына бастағанын білдірді.

Беземер аурухананың шамамен 3,5 миллион долларға түсетінін және қаржысының толығымен Мане тарапынан қамдалатынына назар аударды. Ол аурухана құрылысының жылдамдатылғанын айтты.

“Садио Мане туған ауылын жақсартқысы келеді.  Бұдан бұрын да Бамбалиге үлкен лицей салдырған болатын” деген Беземер атақты футболшының елінің мақтанышы екенін айтты.

Садио Манеге бұдан бұрын да Сенегалге қосқан үлесі үшін президент Маки Салл марапат берген болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close