Спорт/Шоу-Биз

ӘКЕСІ БАПКЕРДІҢ БАЛАСЫ ЧЕМПИОН

Айдарбек Тоқтарбектің спорттағы ұстазы - өз әкесі. 12 жылдан бері бауыры екеуі күреспен айналысады. Биыл - жеңісті жыл болды дейді ол.

Таяуда ғана жерлесіміз Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында тағы топ жарып, әлем чемпионы атанды.

Бұл жарыста түркістандық Ақжігітова Айнур және Құдасбек Гүлзира да мықтылардың қатарынан табылды.

Дүбірлі додадан толағай табыспен оралған спортшыларымызды бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков  пен Түркістан облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы,генерал-майор Дүйсебаев Әбілсейіт қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close