Түркістандық жас шахматшы әлем чемпионатынан жеңіспен оралды!

Түркістан қалалық Жасөспірімдер мен балалар спорт клубының дарынды шахматшысы Сұлтанхан Нұрислам Сербияда өткен әлем чемпионатында үздік өнер көрсетіп, туған жеріне жеңіспен оралды. Бүгін Халықаралық Түркістан әуежайында жас спортшыны зор қошеметпен қарсы алды.
Салтанатты шарада Түркістан қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Қадырболат Мусағалиев сөз сөйлеп, ел мақтанышына айналған Нұрисламды және оның бапкері Қуанышбек Жұмаділлаевты үлкен жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар, БЖСК директоры Нұрланәлі Сыздықов бастаған ұжым жас спортшыға ерекше сый-құрмет көрсетті.
Бұл жеңіс – ұлы еңбек пен үлкен қолдаудың жемісі. Жас шахматшының осындай биік белесті бағындыруында оның ата-анасының сенімі, клубтың қамқорлығы және бапкерінің қажырлы еңбегі жатыр.
Жетістік жайлы:
Сұлтанхан Нұрислам Сербияның Врнячка-Баня қаласында мектеп оқушылары арасында өткен әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. 44 елден 470 спортшы қатысқан дүбірлі додада ол 17 жасқа дейінгі санатта топ жарып, Түркістанның абыройын асқақтатты.
Түркістан спортының жарқын болашағы осындай дарындармен қалыптасады!