Білім

ЖЕМІСТІ ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының ұжымы биылғы жаңа оқу жылын үлкен шығармашылық жетістікпен бастағалы отыр.
Атап айтар болсақ, мектептің қабырғасында қажырлы еңбек етіп жүрген ұжымның мүшелері кәсіби қызметтік міндеттерін абыройлы атқарып, ұстаздық адал еңбектерімен сапалы да өнімді жұмыс көрсеткендері үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің арнайы Алғыс хатымен марапатталып отыр.

Мектептің 2020-2021 оқу жылындағы ерен еңбегі мен жеткен жетістіктерін көрсете кетсек:
🎓Биылғы бітіруші түлектердің саны — 87 оқушы болды. Оның 37 оқушысы 🏅«Алтын белгі» белгісімен, 9 оқушысы «Үздік аттестатпен» бітірді. 87 оқушының 73-і грант иегері атанды, оның ішінде 3-еуі шетелге оқуға түсті, 1-еуі КИМЭП грантын ұтып алды. Қалған 14 оқушы ақылы жоғарғы оқу орнына құжаттарын тапсырды. Бұл оқушылар экономика, қаржы, заңгер мамандығын таңдауына байланысты бұл мамандықтарға мемлекеттік грант бөлінбеген. 37-і «Алтын белгінің» 34-і грант иегері, 3-еуі ақылы.
Мектептің Республикалық байқаулардан алған жүлделі орындары:
1) Республикалық «Президенттік олимпиададан» жүлделі ІІ орын;
2) «Абай» әлеміне саяхат атты шығармашылық байқауынан — 3 жүлделі орын
3) Республикалық «Бөбек» қорымен «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен
бірнеше рет олимпиада мен ғылыми жоба жарысы өтті, оқушылар 15 рет жүлделі
орын әкелгендіктен, «Республикалық үздік команда» атағын алып,
Халықаралық команданың құрамына енді. Халықаралық команданың құрамына енген оқушы қазан айында Италия мемлекетіне барып, байқауға қатысады. Республика бойынша Шымкент қаласының атын шығарып, гран-при жүлдесін иеленді.
4) Республикалық «Ақберен» байқауынан ІІІ орын.
5) Республикалық «Тарих ата» олимпиадасынан 1 жүлделі орынды иеленді.
6) «Абай» оқуларынан 1 орын.

Алдағы уақытта білім ошағының  қабырғасында өрелі еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымы бірлесе отырып, бұдан да үлкен жетістіктер көрсетеді деген сенімдеміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close