Тәуелсіздікке — 30 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ӘЛЕМ ТАРИХЫНДА ҚАЛАТЫН БАСТАМАЛАРЫ

5. Жүзеге асқан идея

Елбасының бастамасымен құрылған ұйымдардың бірі Еуразиялық экономикалық одақ екендігі сөзсіз. Есте болса, 1994 жылғы 29 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессор-оқытушыларымен кездесуінде тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру идеясын ұсынған болатын. Еуразиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция — қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылатындығын айтқан еді. Араға тура 20 жыл уақыт салып, 2014 жылдың 29 мамырында ЕАЭО туралы шартқа Беларусь, Қазақстан мен Ресей Президенттері елордамызда қол қойды. Кейіннен одақ құрамына Армения мен Қырғыз Республикасы қосылды.

Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақ — бұл ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ашық мегажоба. Бүгінде 180 млн адамдық алып нарығы бар Еуразиялық одақпен өзара алыс-берісті арттырып, ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделік танытып отырған елдердің қатары да мол. Демек, Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді тереңдету идеясы Қазақстан Тұңғыш Президентінің көрегендігінің дәлелі екендігі анық. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ табысты жұмыс істеп, толыққанды интеграциялық бірлестікке, әлемдік экономикалық байланыстардың белсенді қатысушысына айналды. Бүгінде ұйым 13 елмен, 20-дан астам халықаралық құрылыммен және ұйыммен ынтымақтастық жайында тыңғылықты келіссөздер жүргізіп жатуының өзі Елбасы идеясының өміршеңдігін көрсетсе керек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close