Тәуелсіздікке — 30 жыл

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК-ТАБЫС КІЛТІ

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографика) жобасын ұйымдастырған болатын. Жобаға еліміздің әр саласында қажырлы еңбек етіп, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымай қоғамға пайдасын тигізген тұлғалар Instagram әлеуметтік желісі арқылы қатысты.

Ерен еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жетіп, ерекшеленген тұлғалардың арасында медицина саласы бойынша марапатқа ие болған шымкенттік дәрігер Елена Хан.

Шымкент қалалық №8 емханада қызмет ететін Елена Ханды білмейтін жандар кемде-кем. Әйел болса да, адам өміріне араша түсу кезіндегі кейбір қиын сәттерде ерлерден кем түскен жері жоқ. Ол жылына 6 мың балаға медициналық көмек көрсетеді. Ақ халатты абзал жан тұрғындарға да кеңес беруден жалықпайды.

Елена дәрігердің 30 жылдан бері медицина саласында еселі еңбек етіп келе жатқан қызметі елеусіз қалған жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталған.

Бүгінде педиатр-дәрігер талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close