#Жастар

ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН TEDX ФОРМАТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен TedX форматында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өскелең ұрпақты кеңінен тарту, жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларын тыңдау, өзін-өзі жетілдіру арқылы еңбек етуге деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарды еңбекке баулу болып табылады.

Еркін форматта өткен кездесу Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің «Парасат жолы» орталығында ұйымдастырылды.

Кездесуде Департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлі жайында сөз қозғаса, жас кәсіпкер А.Назимова жастарды адал, қажырлы еңбектің арқасында жетістіктерге жету жодарымен өз тәжірибесінде бөлісті.

Еркін форматта өткен шарада жастар қоғамда парасаттық құндылықтарын насихаттау бойынша ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарына жауаптар алып, спикерлерге құнды ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close