#Жасыл қала

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ КҮТІП ҰСТАУ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Абай ауданы аумағындағы негізгі көшелердің бойларындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлініп, мердігер мекеме аталған секторларды кестеге сәйкес жүргізуде.

Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Build strip» ЖШС атқаруда.

Қазіргі таңда жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков және Темірлан тас жолы бойында атқарылуда.

Тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, мамандар тарапынан қадағалануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close