Қоғам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ КОМПАЗИТОРЛАРЫ

Түркістан топырағында дүниеге келген танымал компазиторлар туралы біле жүріңіз.

Шәмші Қалдаяқов

 

15.8.1930 ж., Отырар ауданында дүниеге келген, 29.02.1992 ж., Алматыда қайтыс болған — композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Қазақстанның Еңбек қайраткері (2022, қайтыс болғаннан кейін). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының Құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан [1]. Көрнекті сазгер, ән жанрының белгілі шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, қазіргі қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. 1950 жылдан бастап ол шығармашылықпен түбегейлі айналысады. 1956–1962 жж. Құрманғазы атындағы   мемлекеттік                  консерваторияда В. В. Великановтың сыныбында оқыды. Шәмшінің әндері таңғажайып әуезділігімен, бұлақ суының сылдырындай таза, үні, лирикалық нәзіктігімен ерекшеленеді. Оның  шығармашылық еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық мотивпен байытуында. Ендеше көнелік пен заманауи мақамдардың тамаша үйлесуі Ш. Қалдаяқов шығармашылығының танымал болуын және оның әндерінің кең таралуын қамтамасыз етті. Мұхтар Әуезов университет студенттеріне арнаған айтулы сөзінде Шәмші саздарын Ақан мен Біржан шеберлігінен кейінгі «жыл келгендей жаңалық» деп бағалағаны, одан жаңа леп сезіледі деп бағалаған.

Халық  аузында «Қазақ  еліне ән салдырған Шәмші» деп аталуының сыры осында. Композитордың әндері әсіресе 60–70-ші жылдардағы жастар арасында танымал болды. «Хрущевтік жылымық» дәуірінің жастары шетелдік композиторлар мен орындаушыларды, мысалы, Битлзді қалай жақсы көрсе, қазақтың өз композиторларын сондай сүйіспеншілікпен тыңдады. Осы соңғысының арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды.

Менің сұлу да парасатты жаным жастарды ғана емес, үлкендер  мен қарттарды, түрлі кәсіп пен ұлт өкілдерін де баурап алды. «Менің Қазақстаным» шығармасы халық арасында ерекше танымал болды, онда отаншылдық пен патриоттық рухы естілді. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жігіттер мен  қыздар Алматының алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің әнін ұран етіп шырқады. 2005 жылдан бастап «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының     Мемлекеттік     Әнұраны болып бекітілді.

Ән өнерімізде жарық жұлдыз болып жарқырап, ерекше із қалдырған Ш. Қалдаяқов – бүкіл қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Шәмшінің әндері есімізде қалса, еліміздің шексіз даласында ғашықтық пен             сағыныш сезіміне толы қалықтап, енді 21 ғасырда да әуелеп жатқаны рас. Табиғатынан дарынды Шәмші Қалдаяқовты қазақ балалары ешқашан ұмытпайды.

Шәмші ағамыздың  «Қорлан» әнін орындай отырып, өзінің ішкі сырын ашпай, шешендік өнерге айналдыратыны тағы бар. Табиғатты кең жүрегімен сыйлаған ұстаз Шәмші Қалдаяқов халқын тербелетін, елестететін, ойландыратын ғажайып әндерімен көркейтіп,  өмірге деген құштарлығын шыңдаған талантты аға пианиноны да, домбыраны да керемет тартатын. Әдемі әуенді ойнай бастайды да, дүркіретіп жібереді. Бұл қалыптасқан тұла бойы тұнған өнер болатын. Шәмшінің қазақ музыкасында ерекше орын алатын 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов атақты композитормын деп кеудесін соғып, мақтанған адам емес. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен, жақсылыққа толы тұлға ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгілік орын алды. Шәмші аға жалпы жұртшылыққа махаббат туралы әндерді орындаған сазгер ретінде танымал. Оның бір өлеңі – «Тамды аруы». «Тамды аруы» махаббат туралы болғанымен, махаббаттың еркіндігі туралы жыр.

Яғни, ол жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себепкер болды. Махаббат еркіндігін аңсаған бұл әнді Шәмші ағамыз өз шеберлігімен шығарған. Ал «Сағынышым менің» әнінде ерекше сағыныш, терең толқу бар. Айта кетейік, әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең көшпелі тарих – ән тарихы. Кәрібаев Жамбыл вальсіне қанағаттанған лектің      рухани      жолы      небір      ақмаңдай дарындармен дараланған болашақтың әсем бейнесін көз алдымызда көрсете алатын сән-салтанаты мол нұрлы сапар көші болды. Көш жуан ортасынан ойып тұрып орын алған композиторлардың бірі – Шәмші Қалдаяқов. Оның осы жер бетіндегі ғажайып шығарма-шылық ғұмырының  соңғы 18 жылында «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» сияқты әйгілі әндері дүние есігін ашып, дүние жүзіне тарады. Әуелі оның айтулы әндері Шымкент өңірінде дүние есігін ашып, әлемге тарады. Шымкент өңірінен бастау алған Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі Жамбыл облысында жалғасын тауып, талай таланттарды ортаға салды. Бұл нағыз талант иесінің ғажайып сыйының батаға ие болғанын білдіреді. Таланты қазаққа     ортақ     Шәмші     сынды     ардақты тұлғаның әншілік өмірі талай ұрпақтың танымымен, даналығымен жаңғыра беретіні сөзсіз. Бұл жұмысты Тараз тойына жасалған тарту деп қарауымыз керек. Қазақ өнері орны толмас қазаға ұшырады. 1992 жылы көрнекті  халық әртісі Ш.Қалдаяқов 62 жасында ұзаққа созылған науқастан  қайтыс болды. 1950 жылдардан бастап шығармашылықпен айналы-сып, 1956–1962 жылдары Алматы консерваториясында  оқыды. Сырлы шындығымен, шынайылығымен, сезім тереңдігімен ерекшеленетін  Шәмшінің алғашқы     әндері     композитордың     есімін елге жайып, халықтың сүйікті өнерпазына айналдырды. Ш. Қалдаяқов     40     жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуық музыкалық шығарма жазды. Ш. Қалдаяқовтың өзіндік ән жанрында, ел-жұрттың бояулы дары-нымен қайталанбас қолжазбасы қазақ халқының қазіргі әні мен өнерін биік деңгейге көтерді. Осы төрт жол өлең қазақ даласын әнімен тербеткен Ш.Қалдаяқовтың тағдыры мен өміріне арналған. Оның әндерінсіз мереке де, мейрам да болмайды. Оның әндерін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін айтады. Ал «Шәмші аға» деген сөзі «Ән-аға» сөзімен синонимге айналғалы қашан.

1965 жылы танымал әндерді жазудағы табысы үшін композиторға Қазақ комсомолы сыйлығын берді. Ал 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының халық әртісі атағы берілді. Қалдаяқовтың қазақ музыка өнеріне сіңірген еңбегі ұлттық музыка өнерінің ән жан-рына өте айқын да айшықты леп берген композитор ретінде көрінді. Оның әндері тыңдауға жағымды, жүрекке жылы тиіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленеді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы өте кең. Шәмші шығармаларының негізгі та-қырыбы – елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, елге деген сүйіспен-шілік. Ол республикамыздың кең байтақ жерін халық лирикасымен қанықтырып, әндерінде пайдаланған: «Ақ ерке-Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Байқоңыр», «Талдықорған-әнім менің», «Ырысты өлке-Шардара», «Отан», «Теріскей»,     «Мойынқұмда»,     «Отырардағы той», «Көгілдір Көкше», «Өмір өзен» т.б. Жұртшылық оның әндерін үлкен ықыласпен қабылдады.

Композитордың маршы екпінді, жігерлі, көңілді, шаттықпен орындалатын: «Менің Қазақстаным»,     «Теңізде – толқында», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады. «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Қайдасың», «Ерке-жан», «Ана туралы жыр», «Құшақ жайған қандай     адам», «Қайықта», «Қыз сағынышы», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің»,«Сағынышым менің» Р. Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р. Мұсабаев, З. Қойшыбаева т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды.

Қалдаяқов мол музыкалық мұра қалдырып, Республикалық Жастар сыйлығының     лауреаты      атанды      (1965). Шәмші есімі ел есінде,  Шымкенттегі Шәмші саябағына Шәмшіге ескерткіш орнатылса, 1992 жылдан бері Қалдаяқов атындағы халықаралық композиторлар мен әншілердің байқау-фестивалі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Шымкент қаласындағы облыстық филармония мен бір көшеге,   Алматы қаласындағы бір көшеге, композитордың туған жері Шәуілдір ауылындағы музыка мектебіне Ш. Қалдаяқовтың есімі берілді. Қалдаяқовтың ескерткіші Шымкент филорманиясының     ғимаратының     алына қойылды. 1991 жылы Қалдаяқов туралы «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т.Ахметов) деректі телефильмі түсірілді. «Шәмшіғұмыр» (2002)естеліктер мен мақалалар жинағы шықты.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close