Қоғам

МӘДEНИ ТУPИЗМНІҢ МАҢЫЗЫ

1972 жылы 17 қазан мен 21 қараша аралығында өткен, БҰҰ-ның Бас конференциясы кезінде Парижде адамзат өркениетінің материалдық мәдениетінің объектілерін сақтап қалу мақсатында «Әлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы» халықаралық конвенция қабылданған болатын.

Олардың жойылуына табиғи апаттар ғана емес, адамдардың вандалдық іс-әрекеттері мен немқұрайлығы да емес, мұнан да қауіпті деструктивті күштер – бұқаралықсананыңқалыптасуы болып табылады.

Мәдениет – бұлдамудың, сақтаудың, тәуелсіздіктің, егемендіктің және халықтың өзіндік ерекшелігін нығайтудың іргелі негізі. Мәдениет пен туризмнің тарихи эволюциясының тәсілдері біртұтас қоғамды одан әрі дамытудың жаңа әдістерін анықтайды. Әлемнің көптеген елдерінде қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатын мәдениет пен туризмді демократияландыру үдерісі жүріп жатыр.

Тақырыптың өзектілігі демократиялық қағидаттардың пайда болуына байланысты Қазақстанның жалпы еуропалық және әлемдік мәдени процестерге интеграциялануын қажет етеді. Әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарының бірі ретінде мәдени туризмді дамыту басты мақсат болып қарастырылады.

Бүгінгі күні, адамзат ақпараттық қоғам дәуіріне енгенде, қолда бар ақпараттың сипаты мен толықтығына қойылатын талап күрт өсті. Бұл мәдени туризмге де қатысты болып табылады.

Мұра саласындағы басқару немесе жиі аталатын мәдениет ресурстарын басқару тұжырымдамасы технологиялық, сонымен қатар стратегия мен тактиканың элементтерін қамтиды, бірақ әдетте әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік ұйымдардың қызметіне жатады. Американың әдіснамасында мәдени туризм өте анық, бірақ анық болса да өте тар мағынада қолданылады. Онда «мемлекет қаржыландыратын археологиялық және тарихи қорларды, соның ішінде археологиялық ескерткіштер мен тарихи ғимараттарды сақтау және зерттеу, мәдени қорларды басқару немесе археологиялық мәдениет ресурстарын басқару федералды бюджет немесе мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын археологиялық зерттеулер, жеке меншіктің белгілі бір бөлігін жол, көпір салу немесе басқа қоғамдық жұмыстар үшін пайдалану» деп көрсетілген.

Мәдени археологиялық қорларды басқару әдетте үш кезеңге немесе іске асыру сатысына қарай бөлінеді:

Бірінші кезең: археологиялық орындарды анықтау.Мақсат     – аумақтыңархеологиялық ескерткіштерін табу және сипаттау.

Екінші кезең: бірінші кезеңде жобаның объектілерге тигізер зиянды әсерін болдырмау  немесе   азайту   механизмдерін   анықтау   үшін   объектіні жақсырақ түсіну қажет екенін анықтаған археологиялық учаскелердің шағын пайызына қатысты жүзеге асырылады.

Үшінші кезең: деректерді жинау. Бұл жағдайда мүмкіндігінше көп ғылыми ақпарат алу.

Қазақстанда мәдениет зерттеушілері мен менеджерлері осы терминді мәдениет теориясында және практикасында тоқсаныншы жылдардың ортасында мәдени саясатта қолдана бастады. Ал Батыс елдерінде мұра құралдары белгілі бір аймақтың немесе тіпті тұтастай елдің экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын әзірлеу үшін бұрыннан бері пайдаланылып келген.

Көп ұзамай мұндай байланыс бір жағынан, мұра аймақтық және халықаралық дамудың өте маңызды ресурсы ретінде қарастырыла бастады, ал екінші жағынан – дерексізмәдени тұжырымдамалар санатынан ол нақты экономикалық және әкімшілік санатқа айналды.

«Мәдени мұра» ұғымының көптеген анықтамалары бар. Олардың бірі мәдени мұра адамзат қоғамдастығының және табиғи орта арасындағы өзара әрекеттің көрінісі болып табылады. Мәдени туризм, мысалы, туристік спорт түрлерінен немесе жағажайлардан айырмашылығы, мәдени мұраны дамытуға, басқа адамдардың өмірлік тәжірибесін зерттеуге, олардың салт-дәстүрлеріне, зияткерлік және шығармашылық жетістіктеріне бағытталған.

Бір жағынан, «мұра – ұлттыңмәдени ерекшелігін, оның руханилығын және тарихи жадысын қалыптастырудың факторы», екінші жағынан, оны пайдалану ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк және т.б. сияқты жаһандық құрылымдардың саясатының маңызды элементі болып табылады [2, 51 б.].

Бұдан басқа, мұра саясатын қалыптастыру үдерісіне әлемдік және ұлттық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, адамдар мен жеке тұлғалар топтары, мәдени және әлемдік мұралардың ақпараттық желілері өсіп келеді.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында ЮНЕСКО-ның мамандары осы саладағы Дүниежүзілік банктің саясатына негіз болатын мәдени мұраға қатысты заманауи саясаттың негізгі ұстанымдарын тұжырымдады, сонымен бірге олар жасақталды және тәжірибеге ие болды.

Олар мынадай маңызды хабарламаларды: ең алдымен, мұраға қатысты екі диалектикалық полюстің болуы: мұраға зиян келтірмеу, ол шын мәнінде «жақсылық жасау», мұрасын қорғау және сақтау саясатымен синонимдік сипатта болып табылады және даму үдерісіне мұра қосып, оны ресурс ретінде қарастырады [3, 65 б.].

Басқа маңызды постулаттардың ішінде: «Мұраға зиян келтірмеу», мұраны қорғауға қатысты саясатты шектеумеу, мұра объектілерінің экономикалық құндылығын анықтау; мұра объектілерін пайдалану арқылы кедейшілікті қысқарту, мұра объектілерінің білім беру құндылығын анықтау жатқызылады.

Бұл стратегия Таяу Шығыс, Солтүстік және Орталық Африка, Албания, Грузия және әлемнің басқа аймақтарындағы Дүниежүзілік банктің мамандары мен мемлекеттік мекемелерінің әр түрлі дәрежедегі жетістіктерімен жүзеге асырылады.

Банк мамандары көбінесе «материалдық мәдени мұра» терминін «мәдени мұра», «мәдени құндылық» синонимі болып табылатын және тек қана материалдық мәдениет ресурстарына қатысты қолданылатын «мәдени ресурстар» терминімен алмастыра бастады.

Әлемдік ақпаратқа, экономикалық және саяси ағымдарға, сондай-ақ тұрақты даму стратегиясына мұра енгізудің тағы бір маңызды құралы – бұлтуризм. Соңғы уақытта туризм жаппай сұраныс пен мәдени құндылықтарға қол жеткізудің ең тиімді құралы ретінде қарастырылады.

Сонымен бірге, туризмді дамыту материалдық және рухани мұра саласындағы жаһандануды насихаттаудың бір жолы болып табылады. Хорват зерттеушісі Д. Елинчичтің айтуынша, «туризм статистикалық құбылыс емес, динамикалық үдеріс ретінде дәстүрлерге (мәдени мұраға) әсер етеді. Кейбір жергілікті қауымдастықтарда дәстүр туризмге байланысты өзгереді немесе дәстүр жоқ болса, ол ойлап шығарылады немесе жасалынады».

Сербия зерттеушісі М. Драгичевич-Шешич осыған байланысты «Мәдени туризм «тарихқа саяхат» ретінде мәдени-тарихи дәстүрлердің маңызы ерекше атап өтілетін, сондай-ақ ұлттық деңгейде өзін-өзі дамытуға үлкен назар аударылатын, әсіресе, мәдени ассимиляцияға қарсы күресетін шағын елдердің арасында ерекше дамыған». Осы тұрғыда туризм, саяхаттау, экскурсиялар XIX ғасырда, Еуропа мемлекеттерінде ұлттық өзін-өзі тану үдерісі қарқын ала бастаған кезде дамыды. Екінші жағынан, мәдени туризм адамдардағы басқа әдет-ғұрыптар мен мәдениетпен танысуға деген ұмтылысты арттыра отырып, өз еліндегі осы саладағы жағдаймен салыстыруына мүмкіндік береді. Туристік агенттіктер (әсіресе кейбір еуропалық елдерде) өз клиенттеріне басқа елдерге арнайы сапарлар ұйымдастырып, олар үшін өзіндік мәдени және тарихи оқиға жасап беруге мүмкіндік жасайды. Тарихты сүйетіндер үшін әртүрлі тарихи оқиғалардың орындары, мұражайлардағы құжаттармен және экспонаттармен танысу және т.б. шын мәнінде үлкен оқиға болып саналады».

Ол сондай-ақ мәдени туризмді келесі классификациялауды ұсынды:

  • «тарихқа саяхат»;
  • «саяхат — тарихи оқиғаларды қайта құру» (Француз төңкерісі, Наполеонның ұлы шайқастары және т.б.);
  • тарихи кезеңді зерттеу (пионер дәуіріндегі Калифорния, Византия Греция және т.б.);
  • діни саяхат (Иерусалим, Мекке және Мединаға қажылық, Хиландарға және т.б.).
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close