Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ӘЛІМБАЙ БОТАҚАРАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Түркістанда ҚР Мәдениет қайраткері, композитор Әлімбай Ботақараевтың «Әлімбайдың ән әлемі» атты шығармашылық кеші өтті. Жиынға өңірдегі депутаттар, зиялы қауым өкілдері, замандас достары мен шәкірттері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ректоры Жанар Темірбекова және қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев жылы лебізін білдіріп, ақ тілегін арнады.

LIVE форматтағы концерт шымылдығы Батырхан  Сәрсенханның сөзіне жазылған кеш иесінің «Бабалар  рухы» әнімен ашылды. Бұдан бөлек сазгердің көптеген әндері «Тарлан» вокалдық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқалды.

Айжан  Таженова, Нұржан Халжан, Данияр Барыс, Асыл Жандаулет, Ерлан Жандарбай, Үралхан Сейілбекова,  «Семсер тобы» және «Бисұлтан» би ансамблі, Бижігіт Исмағұлов, Абзал Жұмағұлов және Ақжүніс Әзидоллақызы, Жамбыл Құрбаналиев, Айкерім Смайлова, Бағдат  Нысанбай, Райымбек пен  Дана дуэті, Мақсат Құлтас, Серік Куленов өнер көрсетті.

Шығармашылық жиын барысында әкесі ақын Түгелбай Ботақараұлының өлеңдерінен Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрының әртістері композиция сахналады. Сонымен қатар Нұржан Ізтаев пен Шәкен Амантұров сазгер жайлы әзіл көріністі көпшілік назарына ұсынып, ән шырқады. Әуезді кеш Мәриям  Мерешованың  сөзіне жазылған «Қалам менің Түркістан!» әнімен қорытындыланды.   

Айта кетейік, бүгінде ол Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Спорт және Өнер» факультеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының оқытушысы. 1974 жылы Түркістан қаласында көп балалы шаруа отбасында дүниеге келген. Орта мектептен соң музыка мектебін тәмамдап, Шымкент музыкалық училищесіне түседі. 1993 жылы оркестр  жетекшісі және домбыра класының маманы мамандығын бітіреді. Шәкірттері республикалық, халықаралық өнер байқауларына қатысып, жетістікке жетіп жүр.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close