Без рубрики

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Қыс айларында тұрғын үйлердің жылы әрі жайлы, коммуналдық шаруашылығының сапалы болуы өте маңызды. Қала әкімінің тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау аясында берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында 2021-2022 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық жұмыстары жіті бақылауда.

Аудан әкімі Рашид Мыңбаев кезекті қысқы маусымға пысықтау жұмыстарын Байтұрсынов 94, Суриков 1,1А, Төле би 24, Ерманов 8 көпқабатты үй аулаларында өткізді. Тұрғындармен кездесу барысында аталған үйлердің ішкі құбыр жүйелерін техникалық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, әкім Қонаев №13 көпқабатты үйінің ауласында жүріп жатқан құбыр ауыстыру жұмыстарымен де танысты. Осыдан бір жеті бұрын басталған жұмыстар келесі аптада аяқталуы шарт. Жауапты мердігер «ТОО Иртыш ПВ» мекемесі тарапынан жасалып жатқан жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталса 8 көпқабатты үй қысқа сақадай сай тұрады.

Жалпы Әл-Фараби ауданында жылыту маусымына қатысты түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Барша қала тұрғындарын қысқа дайындық жұмыстарын назардан қалыс қалдырмай, қазірден бастап қолға алуға шақырамыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close