Без рубрики

ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ СКРИНИНГТЕН ӨТКІЗУГЕ МІНДЕТТЕЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Жаңа заң қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Енгізілген өзгерістердің бірі – жұмыс берушілер енді қызметкерлерге медициналық скринингтен өту үшін арнайы уақыт бөлуге міндетті болады. Тексеру кезінде қызметкердің жұмыс орны сақталып, орташа жалақысы төленеді.

Медициналық мекемелер азаматтың скринингтен өтуі қажет екені туралы ақпаратты цифрлық жүйе арқылы жұмыс берушіге жолдайды. Осыдан кейін қызметкерді тексеруден өтуге жіберу жұмыс берушінің міндетіне айналады.

Сондай-ақ заңда еңбек саласындағы азаматтардың жеке өміріне қол сұқпау, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу құқығы нақты көрсетілген.

Құжатта әлеуметтік әріптестікті дамытуға да басымдық берілген. Өңірлерде жұмыс берушілер, қызметкерлер және мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыс күшейтіліп, келісімдердің орындалуы тұрақты түрде талқыланатын болады.

Бұдан бөлек, кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құзыреті кеңейіп, өндірістегі қауіпсіздікке бақылау арта түседі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close