Без рубрики
ҚОСТАНАЙДА БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ
Қостанай облысында қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, білім бөлімі қызметкерлері білім беру ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
1 маусым күні күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайларында тінту жүргізілген. Тергеу барысында Гүлсім Оразбаева алаяқтық фактісі бойынша ұсталған.
Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.



