Без рубрики

РИНАТ ЗАЙЫТ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН СОТТАЛҒАНДАРҒА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫ

Парламент Мәжілісінде «Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланды.

Құжатты қарау барысында Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотталған азаматтарға амнистия қолдануды ұсынды.

Депутаттың айтуынша, рақымшылық мәселесін қарастырғанда әлеуметтік желілерде жазған пікірлері үшін жауапқа тартылған азаматтарды да назардан тыс қалдырмау қажет.

«Жалғыз өтінерім – мас күйінде құқық бұзушылық жасағандар немесе соған ұқсас өзге де санаттағыларға рақымшылық жасау емес. Бізде әлеуметтік желілерде қалдырған пікірлері үшін сотталып жатқан адамдар бар. Барша әріптестерімнен Қылмыстық кодекстің 274-бабымен айыпталып жатқандардың амнистияға ілінуіне көмектесулерін жалынып сұраймын», – деді депутат.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 274-бабы көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты жауапкершілікті көздейді. Ринат Зайыттың ұсынысы заң жобасын талқылау барысында көтерілген бастамалардың бірі болды.

Қазіргі уақытта заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Амнистияға кімдердің ілінетіні туралы түпкілікті шешім заң қабылданғаннан кейін белгілі болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close