
Алматы тұрғыны ақшаға қызығып 1 бөлмелі пәтеріне 990 адамды тіркеген. Мұны Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокурорлары анықтаған. Қазір, бір мезетте 990 адамды аядай бөлмеге сыйғыза алған азамат қамауға алынып, 1 жылға бас бостандығынан айырылған
Ал қала прокуратурасы мұндай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.



