БЛОГЕР ЖУЗЗЕФИНА 10 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ
Алматыда блогер Джузефина әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында айтқан мәлімдемелері мен әрекеттеріне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін блогер эфир кезінде әкесінің бала кезінде өзіне жыныстық зорлық көрсеткенін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты Алматы қаласының полиция қызметкерлері видеода айтылған деректер бойынша тексеру жүргізді.
Құқық қорғау органдары контент авторынан, сондай-ақ оның ата-анасынан түсініктеме алған. Тексеру қорытындысы бойынша блогердің айтқан құқыққа қайшы әрекеттері туралы ақпарат өз растауын таппаған.
Сонымен қатар полиция видеода блогердің тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткенін анықтаған. Кейін жүргізілген медициналық куәландыру оның есірткі заттарын пайдаланғанын растаған.
Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты барлық мән-жайлар анықталғаны хабарланды.



