Без рубрики

СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВКЕ ЖАҢА АЙЫПТАР ТАҒЫЛДЫ

Бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша сотта күдіктіге қосымша айыптар тағылды. Жаңа айыптарды судья Зарема Хамидуллина жария етті.

Сот мәліметінше, Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіру эпизоды Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 13-тармағымен, яғни басқа қылмысты жасыру мақсатында жасалған адам өлтіру бабы бойынша сараланған.

Ал Мирамгүл Қарабалинаның өліміне қатысты айып Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 3 және 10-тармақтарымен толықтырылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Мирамгүл церебралды сал ауруымен ауырған, көру қабілеті бойынша III топ мүгедектігі болған және дәрменсіз жағдайда болған.

Тергеу дерегінше, әйел ата-анасы өлтірілгеннен кейін полицияға хабарласуға әрекеттенген. Күдікті оны осы себеппен өлтірген деген болжам айтылды.

Бұдан бөлек, Сәрсемәлиевке әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны заңсыз иемденді деген алаяқтық айыбы тағылды. Іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы, яғни ақпараттық жүйе пайдаланушысын алдау арқылы жасалған алаяқтық бойынша қаралып жатыр. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол марқұмдардың әлеуметтік төлемдері мен зейнетақысын заңсыз алып отырған. Келтірілген шығын көлемі 520 996 теңгені құрады.

Сонымен қатар бұған дейін мал сатуға байланысты алаяқтық ретінде қаралған эпизод енді Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 1-бөлігі — мал ұрлығы бабы бойынша қайта сараланды.

Сот барысында күдікті Мирамгүл Қарабалинаны және әйелінің ата-анасын қасақана өлтіргенін мойындаған. Алайда Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі алдын ала жоспарланбағанын айтып, оны жанжал кезінде өзін-өзі қорғау мақсатында өлтіргенін мәлімдеді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close