Без рубрики

БҮГІННЕН БАСТАП ЭЛЕКТРОСАМОКАТ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстанда 1 шілдеден бастап электросамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Енді жалға берілетін әрбір электросамокатқа арнайы тіркеу нөмірі беріледі.

Жаңа талапқа сәйкес, жол қозғалысы ережесін бұзған электросамокат жүргізушілері бейнебақылау камералары арқылы анықталмақ. Бұл өзгеріс қала көшелеріндегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға жүріс жолымен қозғалуға тыйым салынады. Яғни мұндай пайдаланушылар тек арнайы рұқсат етілген аймақтарда немесе тротуарларда ғана жүре алады.

Ал 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуарлармен және жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне толықтай тыйым енгізіледі.

Мамандардың айтуынша, жаңа талаптар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close