#Жастар

ТҮРКІСТАН ТУРИСТЕРДІ RED BUS-ПЕН ҚАРСЫ АЛАДЫ

Экскурсиялық автобус күн сайын таңғы сағат сегізден кешкі он бірге дейін қатынайды.

Арнайы бағыт қаланың басты туристік орындарын қамтып, қонақтарға бір сапарда бірнеше нысанды аралап, олардың тарихымен танысуға мүмкіндік береді.

Автобус бірнеше заманауи қызметпен жабдықталған. Мұнда тегін Wi-Fi, USB арқылы құрылғыларды қуаттау мүмкіндігі, QR-кодпен билет сатып алу жүйесі және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аудиогид қызметі қарастырылған. Жоба туристердің қала ішінде еркін әрі жайлы қозғалуына жағдай жасауға бағытталған. Экскурсия барысында жолаушыларға арнайы гид өңірдің тарихы, сәулет ескерткіштері мен киелі орындары туралы жан-жақты ақпарат береді.

Екі қабатты автобустың басты ерекшелігі – үстіңгі қабатының ашық болуы. Бұл туристерге қала көрінісін кең панорамамен тамашалап, тарихи орындардың сәулетін жақыннан көруге мүмкіндік береді. Жаңа жоба туристердің саяхатын барынша қолайлы етіп, Түркістанның туристік әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close