Қоғам
ҮШ ОБЛЫСТА СЕЛ ЖҮРУІ МҮМКІН
3–5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында сел жүру қаупі бар.

Бұл туралы «Қазселденқорғау» мекемесі ескерту жариялады.
Мамандарддың айтуынша нөсер жаңбырдың болуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындар мен өңір қонақтарына тауға шықпау, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылды.
Қазіргі таңда Қарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендеріндегі жағдай тәулік бойы бақылауда. Әзірге ахуал тұрақты.



