Без рубрики

РЕСЕЙДЕГІ БЕНЗИН ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин бермекші деген ақпарат тарады

Бұл ақпарат Украина шабуылдары салдарынан Ресейдің бірқатар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы бұзылып, елде жанармай тапшылығы күшейген тұста пайда болды. Соңғы апталарда көрші елдің бірнеше өңірінде бензин жеткізу қиындап, кей жанармай құю бекеттерінде шектеулер енгізілген. Осы жағдай Ресейде бензин бағасына да әсер етіп, көрші мемлекеттерде жанармай нарығына қатысты алаңдаушылықты күшейтті.

Бензин тапшылығының салдары халық арасында да байқала бастады. Әлеуметтік желілерде Ресейдің бірнеше өңіріндегі жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезектер пайда болып, жүргізушілер арасында жанжал мен төбелес шыққаны түсірілген видеолар кеңінен тарады.

Ресейдегі жағдай Қазақстанда да қызу талқыланып жатыр. Әсіресе Ресеймен шекаралас Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жанармай бағасы елдің өзге өңірлерімен салыстырғанда жоғары. Ал Шымкент, Түркістан, Алматы сияқты өңірлерде бензин бағасы салыстырмалы түрде тұрақты сақталып отыр.

Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жібереді деген ақпаратқа қатысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

«Ресей үкіметінен Қазақстанға отын сатып алу немесе оны гуманитарлық көмек ретінде жеткізу жөнінде ресми өтініш әзірге түскен жоқ. Мұндай сұраныс түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай материалдарын жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын. Экспорттық тасымалдар тек ішкі нарықта тапшылық туындамаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекет үшін негізгі басымдық – отандық тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету болып қала береді»,-деп мәлімдеді ҚР энергетика министрлігі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close