ҚоғамСаясат

ПРЕЗИДЕНТ АИДА БАЛАЕВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аида Балаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына жаңа Конституция нормаларын мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жүзеге асыру жұмыстары туралы есеп берді. Оның айтуынша, Конституциялық реформалар аясында заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасып келеді.

Сондай-ақ Аида Балаева мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту, цифрлық ақпараттық ортаны жетілдіру, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қозғалыс пен қоғамдық бақылауды дамыту бағытында қолға алынған жобалар туралы баяндады.

Бұдан бөлек, министр мәдени инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын таныстырды. Атап айтқанда, жаңа білім беру, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық нысандарын ашу, дәстүрлі өнерді қолдау, мәдениет саласына қажетті мамандар даярлау мәселелері сөз болды.

Кездесуде мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері де талқыланды. Бұл бағытта білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын одан әрі дамытуға басымдық берілетіні айтылды.

Кездесу қорытындысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруді жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close