Қоғам
НҰРАЙДЫҢ ТУЫСТАРЫ ІСТЕ КЕМШІЛІКТЕР БАРЫН АЙТТЫ
Шымкентте өлтірілген Нұрай Серікбайдың ісі прокуратураға жолданды

Шымкентте қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың қылмыстық ісі прокуратураға жолданды. Марқұмның туыстары іс материалдарымен толық танысып шыққанын айтып, тергеуге қатысты бірқатар шағымы бар екенін жеткізді.
Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай тергеу құпиялығына байланысты шағымдарының мәнін жарияламады. Оның айтуынша, басты талап – күдіктіге тағылған айыптардың жеңілдетілмеуі және іс бойынша әділ шешім қабылдануы.
Туыстарының айтуынша, іс бойынша сот процесі тамыз айында басталуы мүмкін. Олар Нұрайды айуандықпен өлтірді деп күдікке ілінген азаматқа ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуын талап етіп отыр.



