ҚоғамҚылмыс/Оқиға
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫЛДЫ
Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан полиция қызметкері Бауыржан Әбдірахмановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Марқұмның қазасы әріптестері мен туған-туыстарының ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің де қабырғасын қайыстырды. Оның артында аяулы жары, кішкентай ұлы мен қызы, қара жамылған ата-анасы, бауырлары мен туған-туыстары қалды.
Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, марқұмның отбасы назардан тыс қалмайды. Оларға қажетті көмек көрсетіліп, жан-жақты қолдау жасалатыны айтылды. Елге адал қызмет еткен Бауыржан Әбдірахмановтың жарқын бейнесі әріптестерінің жадында сақталып, оның еңбегі әрдайым құрметпен еске алынатыны атап өтілді.



