Без рубрики
ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 2 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ӨСІРЕТІН ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында жылына 2 миллионға жуық ағаш пен гүл көшетін өсіретін жаңа тұқымбақ пайдалануға берілді.

Жобаның жалпы құны – 400 миллион теңге. Тұқымбақ толық қуатына шыққанда мұнда жыл сайын 1 миллион түп жапырақты ағаш, 700 мың түп біржылдық гүл, 100 мың түп көпжылдық гүл және 50 мың түп қылқанжапырақты ағаш көшеті өсіріледі. Өнімдер Түркістан қаласы мен облыстағы саябақтарды, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға бағытталады.
Нысанның жұмысымен танысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірдегі жасыл аймақтарды көбейту жұмыстарын жалғастырып, осындай тұқымбақтарды аудан-қалаларда да ашу қажеттігін атап өтті.
Алдағы уақытта тұқымбақтың жылыжай аумағы кеңейтіліп, инженерлік инфрақұрылымы жаңартылады. Сондай-ақ өсімдіктердің сапасын арттыру үшін арнайы зертхана ашу жоспарланып отыр.



