Без рубрики

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі заңның үстемдігіне тікелей байланысты.

Заң талаптарының сақталуы, құқықтық мәдениеттің қалыптасуы және әр азаматтың өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы – әділетті қоғам құрудың басты алғышарттарының бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің қатарында.

Осы мақсатта аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Отырар ауданының өрт сөндіру бөлімі» қызметкерлерінің қатысуымен «Заң мен тәртіп – әділеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – заңның қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін нығайту болды. Сонымен қатар қатысушылар арасында еркін пікір алмасып, құқықтық мәселелер төңірегінде ой бөлісуге мүмкіндік жасалды.

Дөңгелек үстелді орталықтың әдіскері А.Тұрсынбаева жүргізді. Ол өз сөзінде қоғамдағы заң мен тәртіптің бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар екенін атап өтті. Оның айтуынша, заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі құқықтық құжат болса, тәртіп – сол заң талаптарының күнделікті өмірде орындалуының көрінісі. Бұл екі ұғымның өзара үйлесімділігі елдегі тұрақтылықты сақтап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына негіз болады.

Сонымен қатар спикер құқықтық мәдениетті қалыптастыру тек мемлекеттік органдардың міндеті емес екенін айтты. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараған кезде ғана қоғамда әділдік пен сенім орнығады. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мұндай кездесулердің маңызы ерекше.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заң талаптарын сақтау мәдениеті, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіптің сақталуы және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде пікір алмасты. Еркін форматта өткен жиында әр қатысушы өз ойын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Әсіресе қызмет барысында түрлі төтенше жағдайлардың алдын алып жүрген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін заң талаптарын жетік білу мен қызметтік тәртіпті сақтау маңызды екені айтылды. Себебі олардың күнделікті жұмысы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғаумен тікелей байланысты. Мұндай жауапты қызметте кәсіби біліктілікпен қатар заң талаптарын қатаң сақтау да үлкен рөл атқарады.

Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді. Заң талаптарын орындау тек құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен сенімді нығайтатыны атап өтілді. Сонымен бірге қоғамдық тәртіптің сақталуы – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші екеніне назар аударылды.

Кездесу барысында тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Өзара пікір алмасу барысында күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер талқыланып, заң талаптарын дұрыс қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай ашық форматтағы кездесулердің артықшылығы – қатысушылардың өз пікірін еркін білдіруіне және нақты мәселелер бойынша жауап алуына мүмкіндік беруінде.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамның ортақ міндетіне айналып келеді.

Осындай мазмұнды кездесулер азаматтардың құқықтық білімін жетілдіруге, заңға деген құрметті арттыруға және қоғамдық жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді. Заңды білу – тек құқықтарды қорғаудың ғана емес, өз міндеттерін адал орындаудың да кепілі. Сондықтан құқықтық ағарту бағытындағы шаралардың маңызы алдағы уақытта да арта түсетіні сөзсіз.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар заңның үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру жолында мұндай кездесулердің тұрақты түрде өткізіліп тұруының қажеттігін атап өтті. Себебі заңға құрмет пен тәртіпке бағыну – әділетті қоғамның ғана емес, қауіпсіз әрі тұрақты мемлекеттің де берік негізі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close