БЛОГЕР ӘЙЕЛІНЕ ЕСКЕРТПЕЙ ТОҚАЛ АЛДЫ
Кеше ғана әйеліне құшақ-құшақ гүл беріп, баласын тәрбиелеп отырғаны үшін алғыс айтып жүрген блогердің бүгінгі жағдайы ел талқысына түсті

TikTok желісінде Айтуған Ғалымов атымен танылған блогер заңды некедегі әйеліне ескертпестен басқаға үйленгені туралы ақпарат тарады.
Тоқалы бейтаныс адам болса бір басқа, алайда ол да блогер әрі осы уақытқа дейін отбасылық дос болған. Еркоша лақап атымен танылған онлайн саудагер де енді сынның астында қалды. Айтпақшы, қос блогерді үнемі бақылап жүрген желі қолданушылары Еркоша Айтуғанға үшінші әйел болып тиді деп жазуда. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде оның аяғы ауыр екені де айтылып жатыр.
Бұл той халық арасында қызу талқыға түсті. Бірі мұны хайп деп сенгісі келмесе, енді бірі «басқа жігіт құрып қалды ма?» деп жазды. Ал блогер Айтуған «Екі отбасым бар, оған қоса 15 миллион қарызым бар» деп, мақтана әлеуметтік желіге сурет жүктеген.
Ал оның бұрынғы жұбайы Ильнура Ғалымова әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда әлеуметтік желіде өзін Ильнураның әпкесі ретінде таныстырған әйел сіңлісінің екінші әйел алуға рұқсат бермегенін және Айтуғаннан өз туыстарының теріс айналғанын айтып жүр.



