#ДенсаулықҚоғам
КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІНДЕ 16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ЖЫЛАН ШАҒЫП АЛДЫ
Көлсай көлдерінде демалып жүрген 16 жастағы қызды жылан шағып алды

Оқиға орнына құтқарушыларды басқа демалушылар шақырған. Зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілген.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жаз мезгілінде жыландардың белсенділігі артатынын ескертті. Мамандар табиғат аясына демалуға шыққанда белгіленген бағыттан шықпауға, жан-жағыңызды мұқият бақылауға және жыландарға жақындамауға кеңес береді.



