САЙРАМДА ЭМУ ТҮЙЕҚҰСЫН ӨСІРУ КӘСІБІ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ауылшаруашылығын дамытуды қолға алу керектігін айтты. Ауылшаруашылығымен айналысатындар үшін инвестиция түрлерін көбейтті, арнайы мемлекеттен субсидиялар да бөлінді

. Осылайша Президент тапсырмасы аясында өңірлерде ауыл шаруашылығын дамытуға ниет білдірген кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келеді. Осындай қолдауға ие болып, ауылшаруашылықты игеріп отырған кәсіпкердің бірі Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны Шараванов Камал. Ол Ақбұлақ ауылында эму түйе құсын өсіріп, соны кәсіп көзіне айналдырған.
Шараванов Камал ерекше бағыттағы шаруашылықты қолға алған. Бұлай дейтін себебіміз эму түйе құсын өсіру кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Қазір оның шаруашылығында 50-ге жуық эму құсы бар. өсірумен айналысып келеді. Ауыл шаруашылығындағы тың бастамалардың бірі болып саналатын бұл кәсіп түрі аудан тұрғындарының қызығушылығын тудырып, өңірдегі кәсіпкерліктің жаңа бағыттарының қалыптасуына жаңа жол салуда.
Эму түйеқұсы – әлемдегі ең ірі құстардың бірі. Оны көбіне Австралиядан кезіктіруге болады. Сыртқы келбеті мен дене бітіміне қарай түйеқұсқа ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері баршылық. Эму құстары ауа райының түрлі жағдайларына тез бейімделеді және күтімді көп қажет етпейді. Осы қасиеттерінің арқасында оларды Қазақстанның климаттық жағдайында да өсіруге мүмкіндік мол.
Кәсіпкер бұл шаруашылықты бастамас бұрын ұзақ уақыт бойына жүрексініп жүргенін айтады. Ақыры оны қызығушылық жеңген. Осылайша эму құсын жан-жақты зерттей бастапты. Олардың күтімі, азығы, ерекшелігі, климаттық ортаға бейімделуі бәрі саралап барып шешім қабылдаған. Нәтижесінде бүгінде шаруашылық тұрақты жұмыс істеп, құстардың саны артып келеді.
Эму түйеқұсы ауыл шаруашылығы үшін тиімді құстардың қатарына жатады. Оның еті диеталық өнім ретінде жоғары бағаланады. Құрамында ақуыз көп, май мөлшері аз болғандықтан дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдар арасында сұранысқа ие. Сонымен қатар эму жұмыртқасы да ерекше өнім саналады. Бір жұмыртқасының салмағы бірнеше тауық жұмыртқасына тең келеді.
Косметолог мамандар эму майының пайдасы мол деседі. Ол косметология мен медицина саласында кеңінен қолданылады. Түрлі кремдер мен күтім құралдарын өндіруде пайдаланылатын бұл өнімнің нарықтағы сұранысы жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан эму түйеқұсын өсіру кешенді табыс көздерінің бірі болып есептеледі.
Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Ауданда егіншілікпен қатар мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және жылыжай кәсібі кең өріс алған. Соңғы жылдары кәсіпкерлер ел президенті ұсынып жақан әр бір мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысуда. Тартылған инвестицияны тиімді пайдаланып, жаңа технологияларды енгізіп, нарықта сұранысқа ие өнім түрлерін өндіруге бет бұруда. Эму түйеқұсын өсіру де осындай заманауи әрі тиімді жобалардың бірі болып отыр.
Шаруашылықтағы эмк құстары арнайы қоршалған аумақта өмір сүреді. Олар кеңістікті жақсы көреді. Сондықтан оның еркін қозғалуына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар құстардың денсаулығын бақылап отыруда маңызды. Уақытылы азықтандыру және күтім жасау жұмыстары тұрақты жүргізіліп отыруы тиіс.
Эму түйеқұсына қызығушылық танытушылардың саны да күн санап артып келеді. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа мүмкіндіктерді көрсетіліп, кәсіпкерлерді тың жобаларды іске асыруға ынталандып отыр.
Кәсіп иесі Камал Шавранов алдағы уақытта шаруашылық көлемін ұлғайтып, эму түйеқұсын өсіру ісін одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ құс санын көбейтіп, өндірілетін өнім көлемін арттыруды да көздейді. Бұл бастама жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті экономиканың дамуына және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға айтарлықтай өз үлесін қоспақ.
Жалпы Президент жүктеген міндеттердің бірі – ауылды дамытудың жаңа нүктелерін қалыптастырып, шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру. Ақбұлақ ауылындағы эму түйеқұсын өсіру жобасы осы міндеттердің нақты жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі.



