Қоғам
АЛМАТЫДА ҰЛЫ ӘКЕСІН ПЫШАҚТАП ӨЛТІРДІ
Түнгі уақытта Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде болған жанжал салдарынан 59 жастағы ер адам қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, 34 жастағы өгей ұлы жанжал кезінде ер адамға асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер зардап шегушінің өмірін сақтап қала алмады.
Полиция күдіктіні оқиға ізін суытпай қолға түсірді. Оның айтуынша, жанжал анасына қатысты туындаған келіспеушіліктен басталған. Бұл жайт тергеу барысында жан-жақты тексеріледі.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



