Без рубрики
БЕРІК АСЫЛОВ ҚАЙТАДАН БАС ПРОКУРОР БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына қайта тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тиісті Жарлыққа сәйкес, Берік Асылов еліміздің Бас Прокуроры қызметін әрі қарай жалғастыратын болады.



