Без рубрики
ТРАМП ТҮРКИЯҒА БАРДЫ
АҚШ президенті Дональд Трамп ресми сапармен Түркияға барды. Сапар аясында оның Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуі жоспарланған.

Келіссөз барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, өңірлік қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы ынтымақтастық және өзекті халықаралық мәселелер талқыланады.
The New York Times басылымының мәліметінше, Дональд Трамп кездесу кезінде Түркияны F-35 бесінші буын жойғыш ұшақтары бағдарламасына қайта қосу мүмкіндігін ұсынбақ. Басылымның хабарлауынша, АҚШ әкімшілігі мұндай келісімді жүзеге асырудың ықтимал жолдарын алдын ала қарастырып жатыр.
Айта кетейік, Түркия 2019 жылы Ресейден С-400 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сатып алғаннан кейін F-35 бағдарламасынан шығарылған болатын. Енді бұл мәселенің қайта қаралуы екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруі мүмкін.



