Без рубрики
ҚАРАҒАНДЫДА 94 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНАНЫҢ МИЛЛИОНДАҒАН ТЕҢГЕСІН АЛДАП АЛҒАН КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ
Қарағандыда 94 жастағы зейнеткердің сеніміне кіріп, миллиондаған теңгесін жымқырды деген күдікпен екі әйел ұсталды.

Оқиға маусым айының соңында болған. Полицияның мәліметінше, күдіктілер өздерін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, қарт әжейдің үйіне келген. Олар ескі үлгідегі ақшаларды жаңасына ауыстыру қажет екенін айтып, кейуананың сеніміне кірген.
Әжей еш күмәнданбастан үйде сақталған ақшасының қайда тұрғанын көрсеткен. Осыны пайдаланған күдіктілер оның миллиондаған теңгесін қолды еткен.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.



