Без рубрики

АТЫРАУДАҒЫ ҚАНДЫ ҚЫЛМЫС: АҚБАЯН МҰҚАНҒАЛИЕВАҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТОҚТАТЫЛДЫ

Атыраудағы резонансты қылмысқа байланысты Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Прокуратураның мәліметінше, оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевтің қылмысын жасырғанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар анықталмаған. Осыған байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Еске салсақ,  ерлі-зайыптылар Индонезияның Ломбок аралында ұсталып, бастапқыда екеуіне де «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған болатын. Кейін Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты бұл айып қылмыс құрамы болмағандықтан алынып тасталды.

Сонымен қатар сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оған қосымша бақылау мен ем қажет деп танылып, қазіргі уақытта тиісті ем қабылдап жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close