Без рубрики
ПРОКУРОР СҰЛТАН СӘРСЕМӘЛИЕВКЕ ӨМІР БОЙЫНА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫН СҰРАДЫ
Атырау облысында төрт адамның өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталуға жақын.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Сәрсемәлиевке екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен, пайдакүнемдік мақсатта және ауырлататын мән-жайлармен өлтірді деген айып тағылған.
Сонымен қатар оған басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша айыптар қаралған. Мемлекеттік айыптаушы:
— аса ірі көлемдегі ұрлық үшін – 6 жыл;
— алаяқтық үшін – 6 жыл;
— мал ұрлығы үшін – 4 жыл;
— құжаттарды заңсыз алып қою, жою және жасыру фактісі бойынша 60 АЕК көлемінде айыппұл тағайындауды сұрады.
Сот үкімі әзірге жарияланған жоқ.



