Без рубрики
ВЬЕТНАМДА ТУРИСТЕР МІНГЕН КАТЕР АУДАРЫЛЫП, 15 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Вьетнамның Фукуок аралы маңында туристер мінген жылдам жүретін катер аударылып, салдарынан 15 адам қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, катер бортында 36 адам болған. Олардың 32-сі – Үндістан азаматтары, қалған төртеуі – экипаж мүшелері. Апаттан кейін жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде 21 адам аман алып шығарылды.
Оқиға катердің Хон Мэй Рут Нгоай аралынан Фукуокқа қайтып келе жатқан кезінде болған. Жағалаудан шамамен 400 метр қашықтықта кеме кенеттен басқарудан шығып, аударылып кеткен. Соның салдарынан борттағы барлық жолаушы мен экипаж мүшелері суға құлаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік апатқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.



